29.07.2013, 15:02 2801

Испанияда апатқа ұшыраған пойыздың машинисі кепілге босатылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Испанияда апатқа ұшыраған пойыздың машинисі Франциско Хосе Гарзон Амо кепілге босатылғпан. 79 адамның өмірін жалмауына себепші болған немқұрайлылық үшін айып тағылған 52 жастағы ер адам бұған дейін жауап беруден бас тартқан болатын.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Испанияда апатқа ұшыраған пойыздың машинисі кепілге босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Испанияда апатқа ұшыраған пойыздың машинисі Франциско Хосе Гарзон Амо кепілге босатылғпан. 79 адамның өмірін жалмауына себепші болған немқұрайлылық үшін айып тағылған 52 жастағы ер адам бұған дейін жауап беруден бас тартқан болатын.

Ф.Амоға ресми айып тағылған сот отырысы жабық түрде өтті. Кепілдік сомасы жөнінде нақты ақпарат жоқ.

Мадрид-Ферроль пойызы 24 шілде күні Сантьяго-де-Компостела қаласына жақын маңда апатқа ұшырап, қайғылы оқиға салдарынан 79 адам қаза тапты және тағы 70 адам ауруханаға жатқызылды. Ресми мәлімет бойынша ауруханадағы 20 адамның жағдайы ауыр. Испанияда осы апат құрбандарына үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Сантьяго-де-Компостела тұрғындарының бірі "Antena 3 Antena 3" жергілікті телеарнасының эфирінде апаттан кейін машинист пойызды өте жоғары жылдамдықта жүргізгенін мәлімдегенін және енді "өлгісі келетінін" айтқанын журналистерге мәлімдеді.

Полиция анықтағандай, 80 км/сағ жылдамдықпен жүруі тиіс пойызды машинист 220 км/сағ жылдамдықта жүргізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны