26.07.2013, 12:44 2976

Испаниялық поезд машинисі апат ұйымдастырғанына мақтанған

Испания тарихындағы ең қорқынышты апатты ұйымдастырған пойыз машинисті, өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтып, мақтанды.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Испаниялық поезд машинисі апат ұйымдастырғанына мақтанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Испания тарихындағы ең қорқынышты апатты ұйымдастырған пойыз машинисті, өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтып, мақтанды.

Сантьяго-де Компостеладағы қайғылы жағдай пойыз жылдамдығының шектен тыс асырылуынан болғандығы мәлім болды. Бұл деректің растығына апат кезіндегі бейнежазба дәлел болып отыр. Асқан жылдамдыққа деген сүйіспеншілігін Франсиско Хосе Гарсон Амо-2012-жылдың 8 наурызында білдірген. Тіпті ол Facebook желісіндегі парақшасына спидометрдің 200 км/с көрсетіп тұрған суретін де салып қойған. Қазір аккаунт жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны