16.07.2013, 14:37 2860

Каирдегі қақтығыстан жүздеген адам зардап шекті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Каирдегі бірнеше негізгі көшедегі қозғалысты шектеген Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен полиция арасындағы қақтығыстан бір адам қаза тауып, жүзден астам адам зардап шекті. Мысыр астанасындағы "Рабиа әл-Адавия" мешітінің жанындағы дала емханасы осындай мәліметтер келтірді.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Каирдегі қақтығыстан жүздеген адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Каирдегі бірнеше негізгі көшедегі қозғалысты шектеген Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен полиция арасындағы қақтығыстан бір адам қаза тауып, жүзден астам адам зардап шекті. Мысыр астанасындағы "Рабиа әл-Адавия" мешітінің жанындағы дала емханасы осындай мәліметтер келтірді.

Мурсидің он мыңдаған жақтасы сейсенбіге қараған түні Каирдегі негізгі көшелердегі,оның ішінде айналма автожолдағы жол қозғалысын шектеді.

Жаппай митинг "Ил-Иттихадия" президент сарайы мен Республикалық гвардияның штаб-пәтерінің алдында өтіп жатыр. Мұнда осыдан бір апта бұрын көтерілісшілер мен әскерилер арасында қақтығыс өтіп, соның салдарынан 53 адам қаза тауып, 400-ден астам азамат жараланған болатын. Каир аспанында әскери тікұшақтарға тынымсыз ұшып жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны