11.07.2013, 14:11 2860

Қасиетті Рамазанда БАИ-де ауа температурасы 50 градусқа жетті

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, Имірліктер үшін мұндай ыстық әдеттегіден тыс құбылыс емес және әлі де бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - Осы күндері Біріккен Араб Имірліктерінде ауа температурасы Цельсий бойынша елу градусқа дейін көтеріліп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, Имірліктер үшін мұндай ыстық әдеттегіден тыс құбылыс емес және әлі де бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін.

"Ыстық толқыны" БАИ-ге мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталуына бір күн қалғанда келген. Мұсылмандар соңғы отыз екі жыл ішінде алғаш рет он бес сағатқа ауыз бекітіп, ораза ұстайды, деп жазады жергілікті БАҚ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны