10.06.2013, 16:39 2860

Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрирге" қатысы бар күдіктілер ұсталды

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ұйымның жергілікті бөлімшесін басқарған 39 жастағы азамат пен оның екі көмекшісі ұсталған. Оларға "діни араздықты қоздырды және экстремистік материалдарды таратты" деген айыптар тағылған.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрирге" қатысы бар күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қырғызстанның солтүстігіндегі Нарын қаласында тыйым салынған радикалды "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ұйымның жергілікті бөлімшесін басқарған 39 жастағы азамат пен оның екі көмекшісі ұсталған. Оларға "діни араздықты қоздырды және экстремистік материалдарды таратты" деген айыптар тағылған.

"Хизб-ут-Тахрир" - орталығы Лондонда орналасқан сүнниттік саяси ұйым. Ұйым "барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіруді мақсат тұтатынын" айтады. Қырғызстан, Қазақстан және постсоветтік елдердің бірқатары "Хизб-ут-Тахрирдің" қызметіне тыйым салған.

Өткен жылдың жазынан бері Қырғызстанда бұл ұйымның бірнеше күдікті мүшесі ұсталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны