20.06.2013, 11:20 2563

Қытайдағы мейрамханада болған бірнеше жарылыстан 150 адам жарақат алып, екі адам көз жұмды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында жергелікті тұрғындар мен, құтқару операциясын жүргізіп жатқанда соңғы жарылыс салдарынан жапа шеккен өрт сөндірушілер де бар. Соның салдарынан үш өрт сөндіргіш машинасына зақым келді, маңай сынған әйнекке толып кеткен.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қытайдағы мейрамханада болған бірнеше жарылыстан 150 адам жарақат алып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында жергелікті тұрғындар мен, құтқару операциясын жүргізіп жатқанда соңғы жарылыс салдарынан жапа шеккен өрт сөндірушілер де бар. Соның салдарынан үш өрт сөндіргіш машинасына зақым келді, маңай сынған әйнекке толып кеткен.

Билік бірнеше жарылыстың себебін тұрмыстық газдан көріп отыр. Оқиғаны көргендердің айтуына қарағанда жарылыс 19 маусымда сәрсенбі күні жергілікті уақыт сағат 21:20-де орын алған. Содан кейін өткір газдың иісі сезілген.

Қазір оқиғаның неден болғаны анықталуда, құтқару жұмыстары әлі аяқталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны