22.05.2013, 17:04 4647

Қытайға су тасқынынан шамамен 96 миллион доллар шығын келген

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында қатты жауыннан су тасып, 5 адам қаза болды, деп хабарлайды 24 KZ.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Қытайға су тасқынынан шамамен 96 миллион доллар шығын келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында қатты жауыннан су тасып, 5 адам қаза болды, деп хабарлайды 24 KZ.

Жергілікті ақпарат көздері апаттан 7 қала мен 229 уезд зардап шеккендігін хабарлайды. Сонымен қатар 29 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқыннан 900 тұрғын үй мен 21 мың гектар ауыл шаруашылыққа арналған жерге зақым келген. Алдын ала мағлұматтарға қарағанда шығын 96 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны