18.06.2013, 11:47 2784

Латвияда сәбилер өлімі Еуропада ең жоғары көрсеткішке жетті

Латвия сәбилер өлімі жөнінен Еуропада ең жоғары көрсеткіштердің біріне жетіп отыр, ең нашар көрсеткіш Латгалияда тіркелген, деп хабарлады осы елдің Орталық статистикалық басқармасы.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Латвияда сәбилер өлімі Еуропада ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Латвия сәбилер өлімі жөнінен Еуропада ең жоғары көрсеткіштердің біріне жетіп отыр, ең нашар көрсеткіш Латгалияда тіркелген, деп хабарлады осы елдің Орталық статистикалық басқармасы.

Статистиктер сәбилердің өмірге келген алғашқы жылда көз жұмуы - демографиялық ахуалды сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі екенін атап көрсетеді.

2011 жылы Еуропада Латвиядан сәбилер өлімі жөнінен екі ел - Румыния (100 тірі туған сәбиге шаққанда 9,4 өлім) және Болгария (1000 тірі туған сәбиге шаққанда 8,5 өлім) ғана алға шықты. Латвияда бұл көрсеткіш 6,6 болды.

2012 жылы Латвияда бір жасқа дейінгі 125 бала көз жұмды немесе 1000 тірі туған сәбидің 6,3-і. Ең жоғары көрсеткіш Латгалияда болды - 1000 тірі туған сәбидің 10-ы.

Балалардың көпшілігі (өлімнің 69 жағдайы) екіқабаттықтың ұзақтығы мен ұрықтың даму ерекшеліктерімен байланысты патологиядан қайтыс болды. Соңғы жылдарда Латвияда сәбилер өлімі төмендемей отыр, деп жазады DELFI сайты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны