24.06.2013, 13:02 2526

Малайзияда төтенше жағдай енгізілді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Малайзия ауаның ластану деңгейі кезекті рекордтық белгіге жетуіне байланысты елдегі қос оңтүстік штатта төтенше жағдай енгізді.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Малайзияда төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Малайзия ауаның ластану деңгейі кезекті рекордтық белгіге жетуіне байланысты елдегі қос оңтүстік штатта төтенше жағдай енгізді.

"Тұманға көрші Индонезиядағы орман өрті себеп боп тұр. Онда шаруалар алқаптарды тазарту үшін ағаштарды өртеуде. Бұған заңмен тыйым салынған", - делінген хабарламада.

Муар мен Леданг қалаларының билігі жергілікті тұрғындарды үйлерін тастап кетпеуге шақырды. Малайзия астанасы Куала-Лумпурды да тұман басып, ауада күйік иісі білінеді. Қала орталығындағы атақты зәулім үй Петронас-Тауэрс те түтіннен көрінбей қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны