07.06.2013, 10:52 2779

Министр жалған дипломмен қызмет еткен

Таяуда ғана қызметке келген А. Подголовты қызметтен босатуға Ресей Президенті Икімшілігінің Якутияның Президенті Егер Борисовқа жасаған ұсынысы себеп болса керек.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - Министр жалған дипломмен қызмет еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Якутияның жастар және отбасы істері жөніндегі министрі Александр Подголов қызметінен босатылды. Министрдің қызметтен кетуіне оның алаяқтық ісі себеп болды.

Таяуда ғана қызметке келген А. Подголовты қызметтен босатуға Ресей Президенті Икімшілігінің Якутияның Президенті Егер Борисовқа жасаған ұсынысы себеп болса керек.

Президент Икімшілігі тарапынан болған тексеріс кезінде министрдің жалған дипломмен 21 жыл бойы әр түрлі салада қызмет етіп жүргені анықталған. Ол өзіне 1992 жылы Томск Университетін "инженер-электрик" мамандығы бойынша аяқтаған деп диплом жасаған. Томск Университеті бұл іске қатысты мәлімдеме жасап, А. Подголов 1989 жылы оқу үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылған деп хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны