26.06.2013, 11:43 2698

Монғолияда бүгін президент сайланады

Бұрын журналист болған және Монғолияда коммунистік режімге нүкте қойған әлемдік төңкеріс лидері Ц.Элбэгдорж 2009 жылы президент орынтағына алғаш рет отырған болатын. Бұған дейін ол үкіметті басқарды.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Монғолияда бүгін президент сайланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Монғолияда президент сайлауы басталды. Президенттікке үш кандидат сайысқа түсті.

Би-би-си мәлімдегендей, қоғамдық пікір сауалнамасына сәйкес, қазіргі президент Цахиагийн Элбэгдорждың мүмкіндігі көбірек.

Бұрын журналист болған және Монғолияда коммунистік режімге нүкте қойған әлемдік төңкеріс лидері Ц.Элбэгдорж 2009 жылы президент орынтағына алғаш рет отырған болатын. Бұған дейін ол үкіметті басқарды.

Дауыс беру бүгін кешкі 10-ға дейін (мск уақытымен) жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны