03.07.2013, 11:18 2531

Пәкістанда 17 адам АҚШ әуе шабуылының құрбаны болды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің CA-NEWS сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Америкалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақ сәрсенбі, 3 шілде күні Пәкістан аумағына әуе шабуылын жасады.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Пәкістанда 17 адам АҚШ әуе шабуылының құрбаны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің CA-NEWS сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Америкалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақ сәрсенбі, 3 шілде күні Пәкістан аумағына әуе шабуылын жасады.

Бұл оқиға шекаралас жерде орын алды. Ол жерде исламшыл жауынгерлер белсенді болып келеді.

Ұшқыш жіберген екі зымыран Мираншах қаласындағы үлкен базардың жанындағы үйді - Солтүстік Вазиристанның әкімшілік орталығын қиратты. Қаза болған адамдардың аты-жөні анықталған жоқ. Бұл 2013 жылдың басынан бергі құрбандар саны ең көп қайғылы оқиға саналады.

Пәкістан премьер-министрі АҚШ шабуылдары тоқтау керек деді, себебі олар Пәкістанның мемлекеттік егемендігін бұзып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны