27.05.2013, 15:22 3616

Таиланд астанасында жарылыс болды

Жергілікті БАҚ-тың болжамынша, әңгіме қолдан жасалған бомбада болып отыр. Жарылыс 26 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де халық көп жүретін көшелердің бірінде орын алды.

Астана. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Таиланд астанасында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Таиландтың тәртіп сақшылары кемінде 6 адам зардап шеккен ел астанасы Бангкокта болған жарылыстың себептерін тергеуде. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың болжамынша, әңгіме қолдан жасалған бомбада болып отыр. Жарылыс 26 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де халық көп жүретін көшелердің бірінде орын алды.

Жарылыс орнында оқ-дәрінің іздері және шегелер табылды. Жарақаттанғандардың екеуінің жағдайы тым мүшкіл. Жарылыс салдарынан екі ғимарат және көше бойындағы бірнеше сауда орны бүлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны