08.08.2013, 16:50 5764

Түркияда уланған туристер арасында 5 қазақстандық бар

Түркияның Кемер демалыс орнында 70-ке тарта ресейлік турист уланып қалғанын кеше хабарлаған едік. Бүгін олардың ішінде 5 Қазақстан азаматы да бары анықталды

Алматы. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Түркияның Кемер демалыс орнында 70-ке тарта ресейлік турист уланып қалғанын кеше хабарлаған едік. Бүгін олардың ішінде 5 Қазақстан азаматы да бары анықталды деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстанның Анталиядағы консулы Бауыржан Ибдірахмановқа сілтеме жасай отырып.

"Барлығына уақытылы медициналық көмек көрсетілді. Уланған отандасымыздың бірі - бала. Барлығының жағдайы қазір жақсы. Сақтандыруы барларға медициналық қызметтің құнын солар өтеп берді. Ал, ол қызметті пайдаланбағандарға қонақүй әкімшілігі төледі. Улану себептері әлі тексеріліп жатыр. Жақын күндері жауабы беріледі",-деді Ибдірахманов ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны