29.05.2013, 13:04 3913

Үндістанда күннің аптап ыстығынан 524 адам көз жұмды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, адамдардың бастарынан күн өтуде.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Үндістанда күннің аптап ыстығынан 524 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, адамдардың бастарынан күн өтуде.

Кеше Үндістан астанасында ауа температурасы 42,6 градус Цельсийге жетті. Бұл нормадан екі градусқа жоғары, ал ең төменгі ауа температурасы 30,2 градусты көрсетіп, нормадан үш градус жоғары боп тұр, деп хабарлайды интернет-БАҚ.

Раджастхан штатының солтүстік-батысындағы Тар шөлінде орналасқан Чуру қаласында ауа температурасы 45,2 градусқа, Уттар-Прадеш солтүстік штатындағы Этавахада 46,2 градусқа жетті. Ал Агра қаласындағы термометр көрсеткіші дүйсенбі күні 43,3 градусқа дейін көтерілді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың шілде айындағы күннің ыстығынан Батыс Бенгалия штатында жүзге жуық адам қаза тапқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны