08.12.2023, 09:33 31671

Ақмола облысында 800-ден астам ерекше бала тамақпен қамтамасыз етілмей келген

Облыс прокуратурасы, мүгедектер үшін көзделген жеңілдіктер алу құқықтарын бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қолданыстағы заңнамада (ҚР "Білім туралы" Заңының 6-бабы) жергілікті атқарушы органдарға мұндай балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша міндеттер бекітілген.

Осыған қарамастан, ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған және облыс әкімдігінің "мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" қаулысында ескерілмеген.

Аталған бұзушылықтар Ақмола облысы прокуратурасының араласуынан кейін жойылды, осылайша 800-ден астам баланың құқықтары қорғалды.

Нәтижесінде, "мүгедектігі бар балалар" сияқты санаттар әкімдік қаулысына қосылып, тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны