19.03.2024, 21:43 41936

"Қаңтар" оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қаңтар" оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.


2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында "қаңтар" оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.

Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны