13.01.2026, 15:37 1176

Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.


Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны