23.09.2023, 18:39 32291
Елімізде “Іздестіру” операциясы жүргізілген 2 күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Елімізде “Іздестіру” операциясы жүргізілген 2 күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды,– деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен “Іздестіру” операциясын жүргізді. Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5, олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1); Достастық елдерінде – 134 (Ресейде – 78, Өзбекстан – 31 және Қырғызстанда – 18, Тәжікстанда – 2, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда – 1). Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды.
Мәселен, Астана қаласында қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында адамдар тобында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.11.2023, 13:00 171
Бишімбаевқа аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылуда
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
2023 жылғы 30 қарашада Мәжіліс кулуарында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы нақты қандай күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бишімбаевқа қатысты аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның туысы да қылмыстың осы түрін жасырғаны және қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сол күні ол қасында болған және полицияға ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабарламаған. Оның үстіне бұл қылмысты жасыруға көмектескен", - дейді бас прокурордың орынбасары.
Прокуратура өкілі қылмыстық іс аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша тергеу органдары қосымша ақпарат беретінін мәлім етті.
Жауапкершілік жағынан - қылмыстық жауапкершілік. Бұл ауыр қылмыс - ерекше қатыгездікпен адам өлтіру - онда бас бостандығынан айыру санкциясы бар. Бишімбаевтың ісі Бас прокурордың ерекше бақылауында. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын ескере отырып, мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ете алмаймын, бірақ бұл іс апта сайын Бас прокурордың тікелей бақылауымен талқыланады деп айта аламын", - деді Жандос Өмірәлиев.
2023 жылғы 9 қараша күні БАҚ-тарда экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деп күдікке ілінгені жөнінде ақпарат тарады.
2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бишімбаев ісі бойынша Ішкі істер министрлігіне арнайы тапсырма берен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 11:54 261
Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.
Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Одан әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.
Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 11:52 911
Жамбыл облысында 9 млн бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Достарға айту
Жамбыл облысында 9 млн бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.
Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).
Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді.
2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде).
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 11:29 631
Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығы саласында улы химикаттардың айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Талдау барысында пестицидтердің қозғалысын нақты есепке алудың болмауында, сақтау ережелерін сақтамауда, субъектілердің фитосанитарлық есеп беруін ұсынбауда, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін басқа да бұзушылықтарда көрсетілген жүйелік бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының (бұдан әрі-Заң) талаптарын бұза отырып, агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының (бұдан әрі - Инспекция) бақылауынан тыс 64 кәсіпкерлік субъектілері пестицидтерді сату бойынша іс-шаралар өткізген.
Алайда, 2022 жылы инспекция қызметкерлерінің есебінен тыс 2,2 миллион литр пайдаланылған улы химикаттар қалған.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің барлық дерлік субъектілері (бұдан әрі - агроөнеркәсіптік кешен) тиісті рұқсаттарсыз Заң талаптарын бұза отырып, улы химикаттарды сақтауды жүзеге асырады.
Заңның талаптарына қайшы, 400 агроөнеркәсіптік кешен субъектілері улы химикаттардың қозғалысы туралы есептерді тапсырмаған немесе уақытында уәкілетті органға жібермеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Қадағалау органы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне фитосанитарлық есеп беру және улы химикаттарды сақтау талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 403-бабы бойынша әкімшілік айыппұл қарастырылған (51 750-ден 1 725 000 теңгеге дейін) еске салады және соңғыларын қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 17:04 8256
Алматы полициясы гашиштің ірі партиясын тәркіледі
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Алматы полициясы гашиштің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер 48 жастағы алматылық тұрғыннан 2,5 келіден астам гашиш тәркіледі. - Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасы жойылды. Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. 48 жастағы Т.есімді азамат ұсталды, оны жеке тінту барысында ішінде ерекше иісі шығып тұрған жасыл түсті ұнтақ заты бар сөмке табылып, тәркіленді.
Ол - гашиш есірткісі болып шықты. Бұл арнайы сараптамадан кейін анықталды. Ал күдіктінің тұрғылықты жерінен "Бүркіт" қызметтік ізкесуші иті осыған ұқсас зат салынған 19 буманы тапты. Тәркіленген шөптің жалпы салмағы 2 келі 609 граммды құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу есірткі заттарын сату арнасына тағы кімдердің қатысы барын анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 16:50 8096
Аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электрондық цифрлық активтер айналымымен заңсыз айналысқан азамат ұсталды
Алдын ала қорытынды бойынша 2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейін әмиянға криптовалюта түсімдерінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңгеден асты
Достарға айту
ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаменті аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электрондық цифрлық активтер айналымымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Алдын ала қорытынды бойынша 2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейін әмиянға криптовалюта түсімдерінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңгеден асты.
Күдікті тұлға "BINANCE" биржасында сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды.
АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 15:11 9161
Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдамақ болған дропперді ұстады
Достарға айту
Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдамақ болған дропперді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сіздің келініңіз баласымен бірге жол көлік апатына ұшырады" деп 88 жастағы Көкшетау тұрғынының телефонына жалған полиция қызметкерінен қоңырау түсті. Өзін Виктор Федорович деп таныстырған полиция қызметкері қобалжыған әжеге оның кішкентай шөбересімен бірге келіні апаттың құрбаны болғанын және медициналық көмек көрсету үшін 5 млн теңге көлемінде ақша қажет екенін айтқан. 88 жастағы зейнеткердің мұндай ақшасы болмағасын, оған алаяқ туыстарынан қарызға алуды ұсынады.
Үлкен сенімділік үшін ақмолалық әйелге алаяқтың сыбайласы қоңырау шалып, шөбересі ауыр халде екенін жылап айтты. Қобалжыған және үрейленген әже алаяқтарға қолда бар 2 млн теңгені беруді ұсынды. Үйге ақша алу үшін жәбірленушіге жеткізуші немесе дроппер келді. Руслан есімді Виктор Федоровичтің орынбасары болып танысқан ер адам зейнеткерден қолма-қол ақша салынған целлофан пакетін алып, қашып кетті. Кейіннен ол алаяқтар көрсеткен шотқа 1,8 млн теңге аударып, 200 мың теңгесін сыйақы ретінде қалдырды.
Полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Күдіктілерді ұстау мақсатында Көкшетау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, зейнеткердің тұрғылықты жерінде орнатылған жедел басқару орталығының бейнекамераларының жазбаларын қарады, такси фирмаларының жүргізушілері мен үй тұрғындарынан жауап алды.
26 қарашада қабылданған шаралардың нәтижесінде дроппердің жеке басы анықталды, ол Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Әңгіме барысында ер адам жеткізуші жұмысын мобильді қосымшадан тапқанын айтты, ал шарттар оған өте қарапайым болып көрінді: бір мекен-жайдан ақша алып, содан кейін жақын жердегі банкомат арқылы көрсетілген шотқа аудару. Ұсталған адамда мұндай әрекеттердің заңдылығы туралы мәселе туындаған, алайда куратор жұмыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқанына және бәрі "таза" екеніне сендірді.
Бір қызығы, жұмыс беруші оған қарт адамнан ақша алу керек екенін айтқан және вирустардан қорғану үшін медициналық маска киюін сұрады. Шындығында, әже курьердің бетін есте сақтай алмауы үшін маска қажет болған.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 12:55 10126
Жезқазғанда жылу желілерін жаңғыртуға бөлінген 223 млн теңге қолды болған
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (бұдан әрі - ТКШ бөлімі) қызметін тексерді, деп хабарлайды Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тексеру нәтижесі бойынша Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды.
Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын жоғары бағамен қабылдаған, бұл 223 млн теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген.
Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастап, оны тергеп-тексеру Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабына сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзышылық жасаудағы кінәлілігі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз болып саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
30.11.2023, 11:06Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды 30.11.2023, 11:29 581Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығы саласында улы химикаттардың айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды30.11.2023, 11:52 426Жамбыл облысында 9 млн бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды30.11.2023, 10:56 426Жатақхана тұрғын үйге заңсыз орналастырылған-Алматы әкімдігі30.11.2023, 11:54 241Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
23.11.2023, 17:05 912462024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 87716Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86086Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84591Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75871Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203981Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189286Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186281Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154511Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144921Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті