05.12.2023, 16:19 36646

Полиция екі өңірде 2 млн-нан астам акцизсіз темекі бумаларын сату арнасының жолын кесті

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен бірлесіп, акцизсіз темекі өнімдерін өткізу арнасының жолын кесу бойынша ауқымды операция жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4 желтоқсанда бір мезгілде екі өңірде үш жүк автокөлігі тоқтатылды. Оларды тексеру кезінде акцизсіз, жалпы саны 2 млн бумадан астам түрлі маркалы темекі табылды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері сантехниканы тасымалдауға арналған құжаттарды көрсеткен. Аталған облыстардың мемлекеттік кірістер департаменттерінің мамандары темекі өнімдерінің нарықтық құнын анықтады. Ол 3 млн АҚШ долларынан немесе 1,5 млрд теңгеден асады.

Жиналған материалдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өңірлік департаменттеріне берілді. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны