Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 сәуір 2018
  • 08
  • :
  • 27
17:00

9 қаӊтардан бастап кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдардыӊ мөлшері төмендетілді10.01.2018
Қоғам  23:14
Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - 9 қаӊтардан бастап кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдардыӊ мөлшері төмендетілді.

Қазақстан Республикасыныӊ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне түзетулер енгізілді.

Заӊмен ҚРӘҚБтК әкімшілік құқық бұзушылықтардыӊ 40 құрамы бойынша әкімшілік айыппұлдардыӊ мөлшері төмендетілді.

Мысалы, егер де бұрын Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру келісімшартын жасасуға міндетті тұлға міндетті сақтандыру келісімшартын жасасудан жалтарғаны үшін 20 АЕК айыппұл салынған болса, қазір міндетті сақтандыру келісімшартын жасасудан жалтарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бүгінгі күні мүгедектердіӊ көлік құралдарын қоюға арналған орындарға қойғаны үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК-дан 10 АЕК немесе 24 050 теӊгеге дейін төмендетілді. Өткен жылы жүргізушілер осы бұзушылық үшін 113 450 теӊге әкімшілік айыппұл төлейтін еді.

Сонымен қатар, бұрын жаяу жүргіншілер және басқа да жол қозғалысыныӊ қатысушылары қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК (11345теӊге) айыппұл салынған болса, қазіргі кезде 2 АЕК (4810) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жылдыӊ ішінде қайтадан жасалған жаяу жүргіншілер және басқа да жол қозғалысы қатысушыларыныӊ қозғалысына басымдықтар бермегені үшін жазалау өзгерді. Бұрын ол үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, қазіргі уақытта 15 АЕК құрайды.

Сағатына 10 километрден 20 километрге дейін жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі) айыппұл 10 АЕК-дан 5 АЕК дейін төмендетілді, сағатына 20 километрден 40 километрге дейін жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі) айыппұл 15 АЕК-дан 10 АЕК төмендетілді, 40 километрден жоғары жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 3-бөлігі) айыппұл 30 АЕК-дан 20 АЕК төмендетілді, осы баптыӊ 2,3 бөлігінде қарастырылған іс-әрекеті, яғни әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жылдыӊ ішінде қайтадан жасағаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 4-бөлігі) айыппұл 40-тан 30 АЕК дейін төмендетілді. ҚР ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі бойынша қайталанушылық қарастырылмаған.

Бұдан басқа, ӘҚБтК 811-бабы 1-бөлігініӊ жаӊа редакциясына сәйкес (әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) егер де автоматты режимде жұмыс істейтін, сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптармен жазып алынған әкімшілік құқық бұзушылықты тұлға белгіленген үлгідегі түбіртекпен айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымды тиісінше жеткізген уақыттан бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасыныӊ елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды төлеуге құқылы, деп хабарлайды Астана қ.ІІД баспасөз қызметі.
Просмотров: 2941

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter