Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қараша 2017
  • 06
  • :
  • 02
17:00

Ақмола облысында денсаулығында кінәраты бар балалар үшін шығармашылық шеберлік сабағы өткізілді14.11.2017
Қоғам  17:26
Көкшетау. 14 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ іскер әйелдер қауымдастығы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ "Мүгедектігі бар балалар мен ересектер арасында жұмыс істеу жүйесін қоғамға белсенді бейімдеу мақсатын ұйымдастыру" жобасыныӊ шеӊберінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардыӊ ата-аналарына арналған шығармашылық семинар өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Семинардыӊ басты мақсаты ата-анасыныӊ көмегі арқылы баланыӊ жеке шығармашылық қасиеттерін дамыту, моториканы, моторлық қызметті дамыту.

10 қарашада Ақмола облысыныӊ Астрахань кентінде арнайы балалармен және 18 жастан асқан жандармен кездесу өтті. Балалар аналарымен бірге және өз бетімен, мұғалімдер мен оқытушылардыӊ көмегі арқылы жаӊа жылдық шыршаға әдемі әшекейлер жасады. Балалар түстерді қайталады, түрлі материалдармен танысып, дамытуға арналған жаттығулар жасады, топ болып та жұмыс істеді.

Балалар шығармашылық жұмыстарымен айналысқанда, олардыӊ ата-аналары әлеуметтік проблемалардыӊ өзектілігі бойынша зерттеуге арналған арнайы сауалнаманы толтырды. Сондай-ақ, оларға кеӊес беріліп, қауымдастықтыӊ қайырымдылық қызметі туралы таныстырылды.
Просмотров: 1383

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter