Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 тамыз 2017
  • 17
  • :
  • 02
17:00

Алматыдағы орталық ипподромда ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала ойындары" республикалық фестивалі өтуде19.05.2017
Қоғам  17:54
Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыдағы орталық ипподромда ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала ойындары" республикалық фестивалі өтуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұлы дала ойындары" ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан республикалық фестивальге Қазақстанныӊ әр аймағынан спортшылар қатысуда. Фестиваль "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында өтуде, оған қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке, 600-ге жуық спортшыға жетуде.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ""Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында мәдениет пен жеке ұлттық кодты сақтауға үлкен назар аударғанын айтты.

Тек соӊғы екі жыл ішінде ғана Алматыда 5 айтыс, сонымен қатар ақындардыӊ "Алтын домбыра" фестивалі өтті, дәстүрлі музыканыӊ "Алатау" мультимедиялық орталығы, қолөнершілердіӊ жаӊа орталығы, Алматы қаласыныӊ мыӊжылдық тарихы мұражайы ашылды, осыныӊ арқасында қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқыныӊ дәстүр- салттарымен кеӊінен таныса алады.

"Мемлекет басшысы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап төл құндылықтарымызды насихаттау арқылы ұлттық сананы жаӊғыртуды басым бағыт ретінде айқындап берді. Соныӊ арқасында халқымыз ұмыт бола бастаған тілімен, өзіндік мәдениетімен, салт-дәстүрімен қайта қауышты. Мемлекет тарапынан Ұлттық спорт түрлеріне, оныӊ ішінде көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, теӊге ілу, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды айшықты іс-шараларға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Биылғы жылдыӊ аяғына дейін Алматы ипподромында жүлделік қоры 80 млн. теӊге болатын 89 бәйге өтеді. Біздіӊ қалада қазақ күресінен "Алматы Барысы" мен "Әлем Барысы" сайыстарыныӊ өтуі де спорт әуесқойлары үшін ерекше сыйлық болмақ" -, деді Б.Байбек.

Өз кезегінде ҚР ұлттық спорт түрлері Ассоциациясыныӊ президенті Бекболат Тілеухан бүгінгі күні Алматыныӊ еліміздіӊ ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар жиі өтетін еліміздіӊ спорттық және рухани орталығына айналғанын атап өтті.

"Ұлттық спорт - ата- бабаларымыздан қалған әрі барша әлемге мақтанышпен көрсете алатын біздіӊ асыл мұрамыз. Соӊғы жылдары ұлттық спорт түрлері тек Қазақстанда ғана емес, тіпті шетелде де қарқынды дамып, еліміздіӊ абырой- беделін арттыра түсуде. Оныӊ жарқын мысалы "ЭКСПО-2017" аясында көкпардан өтетін әлем Чемпионаты", - деді Б.Тілеухан.

"Ұлы дала ойындары" республикалық фестивалінде оған қатысушылар спорттыӊ 12 түрі бойынша сайысқа түседі, олардыӊ ішінде, 4 шақырым тай жарыс, 7 шақырым, құнан бәйге, 13 шақырым топ бәйге, жайдақ бәйгелер, 21 шақырым аламан бәйге, көкпар, аударыспақ, теӊге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлері бар. Биылғы жүлделік қор 24 млн. теӊгені құрайды.

Негізгі ойындармен қатар, фестиваль қонақтары бүркіттердіӊ, аӊшылық тазы иттердіӊ, қолдан жасалған қолданбалы бұйымдардыӊ көрмесін тамашалай алады. Естеріӊізге сала кетейік, сонау 1930 жылы негізі қаланған Алматы ипподромында осымен екінші жыл фестиваль өтуде, ал ипподром еліміздіӊ ат спорты қоғамдастығыныӊ айрықша мекені. Бірқатар себептерге байланысты Алматыныӊ Жетісу ауданындағы арена бос тұрған еді. 2016 жылы қалалық биліктіӊ қолдауы арқасында ипподром жұмысы қайта жанданды және мұнда ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен Алматыныӊ 1000 жылдығына арналған ұлттық ат спортынан алғашқы фестиваль өтті. Бүгінгі күні ол ТМД ипподромыныӊ бестігі құрамына енген және Орта Азиядағы үздіктердіӊ бірі.
Просмотров: 3768

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter