Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 тамыз 2018
  • 18
  • :
  • 05
17:00

Қазақстанда республикалық Spelling Bee сайысы өтеді14.02.2018
Қоғам  12:53
Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ Елшілігі Қазақстанныӊ көптілділік саясатын қолдап, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді.

Сайыс жарыс арқылы жастар арасында ағылшын тіліне деген қызығушылықты туғызудыӊ қызықты жолы болып табылады. Spelling Bee сайысыныӊ аймақтық айналымдары Қазақстанныӊ 11 қаласында өтті. Астанада өтетін республикалық айналымда бақ сынау үшін әртүрлі аймақтардан 33 қатысушы келмек.

Spelling Bee сайысы 90 жылдық тарихы бар америкалық мәдениеттіӊ бір үлкен бөлігі болып табылады. Сайысқа қатысушылар аталған сөздіӊ әріптерін қатесіз айтып шығуы қажет.

Атап кететін болсақ, сайысқа жылдағыдай әр түрлі аймақтардан қатысушылар келеді, олардыӊ арасында тіпті туған қаласынан іріктеме сайыс өтетін қалаларға арнайы барып, қатысқандар бар. Мәселен, Семей мен Қызылорда қалаларыныӊ ойыншылары Павлодар мен Шымкентке барып бақ сынап, бірінші және үшінші орын иеленген.

Қазақстанда республикалық Spelling Bee сайысы сенбі күні 17-ші ақпанда, сағат 12:00-де Қажымұқан көшесі 11 мекен-жайында орналасқан Евразия Ұлттық Университетініӊ оқу-зерттеу корпусы №5, 2-ші қабат, конферец залда өтеді.

Қазақстандағы республикалық сайыстыӊ бес жеӊімпазы ортаазиялық Spelling Bee жарысында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген жеӊімпаздармен додаға түседі. Орталық Азия Spelling Bee айналымы Алматы қаласында 2018-ші жылдыӊ 10-шы наурызында өтеді.

Республикалық айналымныӊ қатысушыларын қолдап, көруге келемін деушілерге есік ашық. Жанкүйерлер арасында сыйлықтар ойнатылады.
Просмотров: 3078

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter