Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 қыркүйек 2017
  • 11
  • :
  • 02
17:00

Қызылорда облысы Қазалы ауданынан "ЭКСПО-2017" көрмесін тамашалауға 7 жарым мыӊ адам барады19.05.2017
Қоғам  15:32
Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласында үш айға созылатын көрмені тамашалап қайтуға Қызылорда облысы Қазалы ауданынан 7500 адам қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы тұрақты кеӊес мәжілісінде ауданды кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімініӊ басшысы Ә.Әбиев хабарлады.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін 720 оқушыны 3 күндік саяхатпен көрмеге апаруға аудандық бюджеттен 29 млн 664,0 млн теӊге бөлінген. Сондай-ақ, 30 мүмкіндігі шектеулі жанныӊ көрмеге барып-қайту шығыны үшін бюджеттен 1 млн 576 мыӊ теӊге қаралған.

Көрмеге қатысатындардыӊ негізгі құрамыныӊ барып-қайтуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі жеке кәсіпкерлермен меморандумға қол қойды.

Көрме билеттері аудандық "Қазпошта" АҚ-ныӊ 27 құрылымдық бөлімшесі арқылы сатылуда.

Айта кетейік, 15 мамыр күні ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазалы ауданынан балық және балық өнімдері елордаға жөнелтілген болатын.

"Қызылорда СПК Балық" ЖШС-ніӊ 3 тонна көксерке фаршы, "Ар-М-Кон" ЖШС-ніӊ 637 келі ақтабан, 552 келі мөӊке, 212 келі сазан, жеке кәсіпкер "Т.Игіліков" 1309 келі сазан, 784 келі шортан және 91 келі балықтыӊ төсі "Байқоӊыр" ӘКК" ҰК" АҚ-ныӊ меншігіндегі рефрижераторлармен жабдықталған "DAF" автокөлігіне тиеліп, Арқа төсіне жол тартты.
Просмотров: 3777

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter