Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 мамыр 2018
  • 08
  • :
  • 52
17:00

Қазақстан мен БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы арасындағы серіктестік бағдарламасы әзірленуде17.05.2018
Государство  00:17
Астана. 17 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылғы 16 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) Өӊірлік конференциясыныӊ 31-ші сессиясы болып өтті. Аталған іс-шара барысында ФАО Бас директоры Жозе Грациано де Сильва мен Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева кездесті.

Тараптар Қазақстандағы етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын талқылады.

ФАО-ныӊ Бас директоры Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ аталған мақсаттағы позициясын қолдады және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанныӊ аграрлық ғылымы мен білімін дамыту қажет деп атап өтті.

Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық кеӊеюде және жаӊа деӊгейге көтерілуде. Мысалы, ФАО Қазақстандағы бірнеше жобаларды іске асырады, олар: органикалық ауыл шаруашылығын дамыту, жайылымдарды басқару, шегірткемен күрес, тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру, азық-түлік тізбектерініӊ дамуын қолдау және экспорт, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу.

2015 жылдыӊ соӊында өндірісті дамытуға жағдай жасайтын және органикалық өнімдердіӊ экспортын ұлғайтатын "Органикалық өнімдерді өндіру туралы" заӊ қабылданды. Қытай мен еуропалық елдер қазірдіӊ өзінде қазақстандық органикалық өнімдерге қызығушылық танытуда.

ФАО ұсынатын ақпараттық ресурстарды пайдалану, техникалық және консультациялық қолдау, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуда өте маӊызды орын алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы әзірленуде.

Анықтама: Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) БҰҰ жүйесініӊ мүшесі болып табылады және халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысады. ФАО тамақтану, азық-түлік және ауыл шаруашылығы туралы ақпаратты жинайды, талдайды, түсіндіреді және таратады. Ұйымныӊ функциясына мүше елдерге техникалық көмек көрсету кіреді. Қазіргі уақытта ФАО-ныӊ құрамына 197 мемлекет кіреді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Просмотров: 2092

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter