Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 қазан 2017
  • 19
  • :
  • 27
17:00

Қазақстанныӊ ҰҚК соӊғы 10 жылда террорлық сипаттағы 100 шақты зорлық-зомбылық әрекеттіӊ алдын алды13.07.2017
Государство  16:44
Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Осыдан дәл 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен Тәуелсіз мемлекеттіӊ дербес арнайы құрылымы - Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы мерейтойға орай "Егемен Қазақстан" газетінде жариялаған мақаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов былай деп жазады:

"1991 жылы "қызыл империя" - Кеӊестер Одағыныӊ қирандысында екіұштылық, қауіп пен күмәнді жағдайда біздіӊ егемен мемлекетіміздіӊ тарихы дүниеге келді. Нақ бүгінгі таӊда, ширек ғасырдан соӊ, Тұӊғыш Президентіміздіӊ Тәуелсіз Қазақстан Республикасын құрудағы алғашқы және одан кейінгі жылдарға қабылдаған шешімдерініӊ дәлдігі мен тарихи маӊыздылығын сезінудеміз. Елбасы феномені, оныӊ стратегиялық көзқарасы, сындарлы ішкі және сыртқы саясаты қоғамды сілкіністерден, ал елімізді күйреуден сақтады. Өтпелі кезеӊніӊ барша сын-қатерлері мен қиындықтарын еӊсеруге мүмкіндік туғызды. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа мерзімде Қазақстан әлемніӊ бәсекеге еӊ қабілетті 50 елініӊ қатарына кірді. Халықаралық қоғамдастықтыӊ теӊ құқылы мүшесіне, дәйекті даму, тұрақ-тылық пен келісімніӊ өнегесіне айналды. Президенттіӊ "Ұлттық қауіпсіздік жоқ жерде, мемлекет жоқ" деген бірегей формуласы бүгінгі күнніӊ ұстанымына сәйкес, өзініӊ әмбебаптығын да көрсетуде. Нұрсұлтан Әбішұлыныӊ ерік-жігері мен стра-тегиялық көзқарасы бүкіл еліміз үшін де және өзініӊ жаӊа тарихын 1992 жылғы 13 шілдеден бастаған дербес арнайы құрылым - ұлттық қауіпсіздік органдары үшін де тағдыршешті болды. Сол кезде, 25 жыл бұрын, барлығын іс жүзінде "таза парақтан" бастауға тура келді, ҰҚК жұмысын саяси және оперативті жағдайлардағы қиын әрі серпінді өзгерістер ахуалында, Қазақстанныӊ өміріндегі маӊызды мүдделеріне төнген жаӊа сын-қатерлер мен қауіптер тұсында жүргізуге тура келді. Мұныӊ барлығы ведомство басшылығынан және жеке құрамнан жағдайды жедел түсінуді, негізгі басымдықтарды дер кезінде айқындауды, стратегияны, тактиканы және жұмыс тәсілін шұғыл жетілдіруді, туындаған проблемаларды уақыт оздырмай шешуді талап етті. Елбасыныӊ ерекше еӊбекқор-лығы мен ерік-жігері, айрықша харизмасы мен ғаламат интуициясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кәсіби тәжірибе мен интеллектуалдық және техникалық әлеуетті сатылап жинақтауға көмектесті. Тәуелсіздік жылдарында әрбір адамды, қоғамды және мемлекетті кез келген сыртқы және ішкі қатерлерден қорғауға кепілдік беретін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудіӊ мүлдем жаӊа жүйесі құрылды. КСРО бұрынғы МҚК-ніӊ перифериялық органы синдромынан арыла, өткен тоталитарлық кезеӊніӊ жұтаӊ беттерін парақтай отырып, жұмыстыӊ қуғын-сүргін тәсілінен бас тартты және Қазақстанныӊ жас арнайы құрылымы әлемніӊ күшті арнайы құрылымдарыныӊ үздік дәстүрлері мен тәжірибелерімен қаруланды. Сондықтан кеӊестік арнайы құрылымдардыӊ тарихи мұрасы мен Қазақстан ҰҚК-сініӊ қазіргі заманғы қызметініӊ арасына теӊестіру белгісін қою түбірімен дұрыс емес. Ұлттық қауіпсіздік органдары тәуелсіздіктіӊ таӊсәрі шағында құрылды, елімізбен және өзініӊ Президентімен бірге дамыды, қалыптасты. Бұл жолда қиын-дықтар мен қиналыстар, сатқындықтар мен қателіктер де болды, бірақ олар бізді күшейте түсті.

Бүгінде ҰҚК - мемлекеттіӊ ұлттық мүдделері мен өӊірлік қауіпсіздіктіӊ негіздерін сенімді түрде күзететін қазіргі заманғы, ықшам әрі тиімді арнайы қызмет. Оныӊ тарихы - Елбасыныӊ табысты көшбасшылығыныӊ тарихы. Еліміздіӊ басты арнайы құрылымыныӊ тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап дамуы Нұрсұлтан Әбішұлыныӊ айрықша назары мен ұдайы қолдауында болды. 25 жыл ішінде ҰҚК органдары қызметініӊ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі олардыӊ рөлі мен орныныӊ құқықтық негіздері заӊмен бекітілді. Бірқатар заӊнамалық және заӊға қарасты актілер, оныӊ ішінде "Ұлттық қауіпсіздік туралы", "Арнайы мемлекеттік органдар туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы", "Мемлекеттік шекара туралы", "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы" заӊдар қабылданды. 15 жыл бұрын Мемлекет басшысы ҰҚК-ге келіп, онда арнайы қызмет жұмысы қалай құрылуы керектігі туралы өзініӊ көзқарасы мен басымдықтарын белгілеп берді. Уақыт көрсеткендей, бұлар қазірдіӊ өзінде өзекті. Елбасы: "Мүмкіндікке қарай біз сіздерді тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, жоғары білікті кадрлармен жасақтадық. Біздіӊ бәрімізге жаӊа жағдайларға, жаӊа түсініктерге үйренуге тура келді. Біздіӊ бәріміз "бір шинельдіӊ" ішінен шықтық - дәстүрлер болды, оныӊ барлығы қажетке жарады, бірақ бұл түсініктерді өзгертуге тура келді. Комитет қызметкерлеріне оӊай болған жоқ. Мен қазақстандық арнайы құрылымдар қызметін регламенттейтін құқықтық базаныӊ құрылуына ерекше мән бердім. Ұлттық қауіпсіздік органдары басқа да құқық қорғау құрылымдарымен бірлесіп, заӊныӊ үстемдігін, адамныӊ, қоғамныӊ және мемлекеттіӊ мүдделерін қорғауды сенімді түрде қамтамасыз етті. Жаӊа, тәуелсіз Қазақстан ҰҚК-сініӊ түбегейлі өзгешелігі осында. Бүгінде сіздер еӊ күрделі мемлекеттік міндеттерді шешуге тартылдыӊыздар, ал қауіпсіздік органдарыныӊ алдында бұл міндеттер аз емес. Уақыт жаӊа сын-қатерлер мен қауіптерді алға тартуда, арнайы құрылымдар оған дер кезінде ықпал етуі тиіс", - деген болатын.

Елбасы жаӊа мемлекеттілікті құра отырып, мемлекеттік саясатты іске асырудыӊ маӊызды құралдарыныӊ бірі ретінде арнайы құрылымныӊ функционалдық рөлін нақты көрді және түсінді, озық халықаралық тәжірибені екшеуге көмектесті. Сондықтан да бүгінде ҰҚК оныӊ жұмысыныӊ барлық аспектілерін жан-жақты регламенттейтін және алға қойған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік туғызатын құқықтық тұғырнамаға ие. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламалар, олардыӊ қатарында маӊызды саналатын Терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. ҰҚК органдарыныӊ күш-жігері, сондай-ақ, Президенттіӊ жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында және басқа да бағдарлама-лық құжаттарында айтылған міндеттерді іске асыруға жұмылдырылған. Елбасыныӊ ширек ғасырлық дана әрі сарабдал саясатыныӊ нәтижесінде мүдделі күштер Қазақстан мінген қайықты шайқап, еліміздіӊ дәйекті демократиялық және экономикалық даму бағытына кері әсер ете алған жоқ. Мемлекет басшысыныӊ стратегиясына сай ҰҚК, өзге де мемлекеттік органдармен бірге, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфес-сияаралық келісімді сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде Қазақстан мен ҰҚК ор-гандары алғаш рет халықаралық терроризм және діни экстремизм секілді құбылыстармен бетпе-бет келді. Біз аталған топтармен күресте жолдастарымыздыӊ өмірлерін құрбан етіп, аса ауыр сабақ алдық. Сол жолы Президент нақты тапсырма - қазақстандықтарды осы қауіп-қатерлерден қорғау туралы міндет қойды. Қысқа мерзім ішінде ҰҚК органдары дұрыс қорытындылар жасап, жағдайды бақылауларына алды. Елімізде террорлық инфрақұрылымдар құру әрекеті жүзеге асырылмай тасталса, бірқатар лаӊкестіктерге дайындықтыӊ жолы кесілді. Соӊғы 10 жыл ішінде ғана ҰҚК-ніӊ терроризмге қарсы қызметі террорлық сипаттағы 100 шақты зорлық-зомбылық акциясыныӊ алдын алды. Халықаралық террорлық ұйымдардыӊ Қазақстанға қарай ұмтылыстары жоққа шығарылды. Күрделілігі жағынан бірегей операциялар жүзеге асырылып, "Орталық Азия моджахеттерініӊ жамааты", "Джунд-әл-Халифат", "Хизб-ут-Тахрир" және басқа да құры-лымдар жойып жіберілді. Әріптес арнайы қызметтермен бірге ондаған терроршылар мен экстремистер іздеп табылып, экстрадицияланды. Осы операциялардыӊ табысты болуына 160-тан астам антитеррорлық және жедел-әскери шаралар өткізген арнайы мақсаттағы "А" қызметініӊ қызметкерлері үлкен үлес қосты. Олардыӊ көпшілігі батылдық пен батырлықтыӊ ерен үлгісін көрсеткендері үшін мемлекеттік наградаларға ие болса, өкінішке қарай, кейбіреулері опат болды. Қазір арнайы мақсаттағы "А" қызметі еӊ заманауи қару-жарақ, экипировка және техника үлгілерімен жарақтанған жоғары кәсіби бөлімше болып табылады. Оныӊ жауынгерлері - арнайы қызметтіӊ сүзгісінен өткен бетке ұстарлары деуіміз керек. Олар күн демей, түн демей аса күрделі әскери міндеттерді шешуге қабілетті. Мұны 2016 жылдыӊ желтоқсан айында аталған қызметте болған кезінде Мемлекет басшысыныӊ өзі ерекше атап көрсетті. Сол жолы Елбасы "А" қызметініӊ жеке құрамымен әӊгіме-дүкен құрып, бөлімшеніӊ материалдық-техникалық базасымен танысқан болатын.

Президенттіӊ өкімімен 20 жыл бұрын терроризм қатерініӊ өсе түсіп отырғаны ескеріле келіп, Қазақстан Республикасыныӊ ведомствоаралық Антитеррорлық орталығы (АТО) құрылған болатын. Уақыт Елбасыныӊ көрегендігі мен осы қадамныӊ аса дұрыстығын көрсетіп берді. Бүгінде ҚР АТО шебінде терроризмге қарсы іс-қимылдыӊ жалпы-мемлекеттік жүйесі құрылып, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардыӊ қызметі үйлестіріліп отыр. Осы қатарда аталған жұмыстыӊ құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағы да толықтай қамтамасыз етілген. АТО-ныӊ бастамасымен терроризммен және діни экстремизммен күрестіӊ 3 мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылса, антитеррорлық комиссия мен жедел штабтар жұмыс істейді, бірлескен оқу-жаттығулары жүргізіліп келеді. Терроризм мен экстремизмніӊ алдын алу шаралары кү-шейтіліп, мемлекеттік органдардыӊ Бірлескен дерек банкі құрылған. Аса ірі қоғамдық-саяси, мәдени және спорт шараларыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде баға жеткісіз тәжірибе жинақталды. Олардыӊ қатарында ЕҚЫҰ, ТМД және ШЫҰ саммиттері, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ съездері, Азиада мен Универсиада бар. Бүгінде, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша, АТО тұрғысынан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақында Ақордада Нұрсұлтан Әбішұлы "ЭКСПО"-ныӊ ашылу салтанатыныӊ қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз еткені үшін басқа ведомстволар қатарында ҰҚК органдарына да ризашылығын білдіруін біздіӊ қызметкерлеріміз мақтаныш етеді. "Көптеген мемлекет басшылары мен басқа да меймандардыӊ қатысуымен өткен "ЭКСПО-2017"-ніӊ ашылу салтанатын қамтамасыз еткен еліміздіӊ бүкіл полиция қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, "Сырбар" сыртқы барлау қызметіне және басқа да органдарға алғыс жариялағым келеді", - деді Қазақстан Прези-денті. Сенім кім-кімді де қанаттандырады. Бізге мына мәселе де аса маӊызды - біз зор беделге ие және тиімді де шешімді іс-қимыл таныта алатын саясаткердіӊ командасында жұмыс істейміз. Сондықтан, ҰҚК органдары тарапынан Президент пен басқа да инстанцияларды ұлттық мүддеге ықтимал қатерлер туралы тұрақты негізде ақпараттандырып отыру қамтамасыз етілді. Ел басшылығы дәйекті саяси шешімдер қабылдау үшін негіз болған маӊызды мәліметтерге қол жеткізіліп келеді. Өткен 25 жыл ішінде біздіӊ қарсы барлаушыларымыз жеткілікті деӊгейде тәжірибе мен машықтарға ие болды. Мемлекеттік құпияларды қорғаудыӊ, барлау-бүлдіру әрекеті мен Қазақстанныӊ ішкі ісіне заӊсыз араласуға қарсы тұрудыӊ өзіндік жүйесі қалыптасты. Бірқатар шпиондық әрекеттер мен жекелеген шетелдік арнайы қызметтер мен ұйымдардыӊ мемлекеттік ор-гандарға сыналап кіріп, құпия ақпараттарға қол жеткізу жоспарларыныӊ жолы кесілді. "Сапфир" және "Виктория" қарсы барлау операциялары аса жоғары деӊгейде өткізілді. 2007 жылы АҚШ Президенті Дж.Буш: "АҚШ тарихында ядролық таратпау ісінде Қазақстаннан асқан әріптес әзірше болған емес", - деп кездейсоқ айтпаса керек. Қазақстанныӊ жаһандық қауіпсіздік проблемаларын шешудегі өӊірлік көшбасшылығы мен белсенді ұстанымы ҰҚК қызметкерлерін елімізге сырттан теріс ықпал етуге, республика бастамаларыныӊ беделін түсіруге бағытталған іс-әрекеттерге тосқауыл қоюда превентивті шаралар қабылдауға ұмтылдырады. Кез келген арнайы қызметтер секілді ҰҚК алдында да ықтимал қауіп-қатерлер мен жанжалдарды дер кезінде анықтап, теріс сценарийлердіӊ ықтимал салдарларын ескерту мен болжау міндеті тұр. Әлемдік экономикадағы дағдарысты құбылыстар бизнестіӊ тоқырап, инвестициялардыӊ қысқаруына, сөйтіп, халықтыӊ әл-ауқатыныӊ төмендеуіне тәуекелдерді күшейте түсіп отыр. Сондықтан, ұлттық қауіпсіздік органдары Мемлекет басшысы реформаларыныӊ тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қолдан жасалған әкімшілік кедергілерді қоса алғанда, еліміздіӊ экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін факторларды анықтаумен де айналысады. Қазіргі таӊда жұртшылыққа мемлекеттік деӊгейде қабылданып жатқан шаралардыӊ барлығы ұлттыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын түсіну маӊызды. Әлемдік прогресс түрлі салаға жаӊа технологияларды белсенді іске қосқанныӊ ғана ұпайы түгел болатынын көрсетіп беріп отыр. Біз жаһандық өндірістік революцияныӊ табалдырығында тұрмыз. Сондықтан Қазақстан жаһандық үдерістердіӊ жаӊа талабына дайын болуы тиіс. Жасанды интеллекті мен автоматтандыру, биоинженерия және басқа да серпінді жобалар таяудағы 10-15 жыл ішінде экономиканыӊ, еӊбек нарқыныӊ, білім беру мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерініӊ құрылымдарын айтарлықтай өзгертетіні анық. Кейбір бағамдаулар таяудағы жылдары түрлі мамандықтар 10-нан 40%-ға дейін мүлдем жойылады, бұл жайт өз кезегінде жаппай жұмыссыздық туындатады дейді. Осы үрейлі болжам елдіӊ экономикалық әлеуетін сенімді қорғауды, мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды қылмыстық қолсұғушылықтан арашалау бойынша нақты шаралар қабылдауды талап етеді. Бұған бірқатар резонансты қылмыстық істердіӊ ашылғанын және тек соӊғы бес жыл бедерінде ҰҚК-ніӊ Экономикалық қауіпсіздік қызметі тарапынан 2,4 трлн теӊгеден астам соманы құрайтын қылмыстық әрекеттердіӊ жолы кесіліп, мемлекетке 80 млрд-тан астам теӊгеніӊ қайтарылғанын мысал ретінде келтіруге болады.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен халықаралық есірткі саудасына айтарлықтай соққы берілді. ҰҚК жүзеге асырған ауқымды шаралар мен шетелдік әріптестермен бірлесе қолға алынған іс-қимылдар нәтижесінде 120 халықаралық есірткі саудалаушы топтар жойылып, заӊсыз айналымдағы 400 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. 2013-2015 жылдар аралығында еліміздіӊ құқық қорғау органдары ТМД-ға мүше елдердіӊ арнайы қызметімен ынтымақтаса отырып, бір мезгілде жүргізген операция барысында "Бауырластар тобы" ("Братский круг") атты трансұлттық қылмыстық ұйымныӊ жетекшілерін бейтараптандырды. Тергеу амалдары барысында 90 қылмыстық іс қозғалып, оныӊ қорытындысы бойынша 59 адам сотталды.

Мұндай жағдай ТМД елдері тәжірибесінде алғаш рет кездесті. Қазіргі таӊда біз арнайы қызметтіӊ жұмыс тәсілі мен пішімі қарқынды түрде өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Осыған орай ҰҚК уақыт талабына сай өзгеруде. Бұл дегеніміз, заманауи ақпарат құралдары, интернет-технология, үлкен көлемдегі мәліметтерді талдау, форсайттық зерттеулер және ұзақ мерзімді болжамдар жасау, тәжірибе алмасу мен шетелдік еӊ үздік арнайы қызметтіӊ жетістіктерін қолдану. Біз ұлттық мүдделерімізге залал келтіруі мүмкін түрлі қауіптер мен тәуекелдерді анықтап, олардыӊ алдын алуға қабілетті болуымыз керек. Уақыт өмірімізге ентелей енген виртуалды әлеуметтік қатынастарға оӊтайлы бейімделуді талап етуде. "Араб көктемі" және басқа да осы іспеттес жағымсыз үрдістер әлемге қас-қағым сәтте тарап, бірнеше сағаттыӊ ішінде жағдайды тұрақсыздандырып жіберу мүмкіндігіне ие. Сондықтан Елбасы өзініӊ "Қазақстанныӊ Үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттіӊ өлшеміне айналып келеді", деп аталған мәселеге маӊыз беруі кездейсоқтық емес. Жаһандық жаӊа сын-қатерлердіӊ ішінде біздіӊ елімізді де айналып өтпейтін киберқылмысқа ерекше екпін түсірген Президент Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Биылғы 11 шілдеде өткен Қауіпсіздік Кеӊесініӊ кезекті мәжілісі де осы тақырыпқа арналды. Елбасы әлемдегі және еліміздегі деструктивті террорлық топтар қызметініӊ салдары неге әкеліп соғатынына назар аудартып, оларға қарсы тиімді күрес жүргізу ісін жолға қоюды тапсырды. Атап өтерлігі, бұл ұлттық қауіп-сіздікті қамтамасыз ету саласындағы Елбасы тапсырған ауқымды міндеттердіӊ бір бөлігі ғана. Президент шекараны бекемдеу және ҰҚК Шекара қызметініӊ жұмысын жетілдіру мәселесіне де ерекше мән береді. Елбасы бастамасы бойынша орта мерзімді тиісті мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Онда шекараны қорғау, қадағалау мен жабдықтаудыӊ заманауи жүйесін енгізу, әуе және теӊіз техникаларын, шекара бекеті мен жасақ инфрақұрылымын, соныӊ ішінде шекара маӊындағы елді мекендерді дамытудыӊ барлық аспектілері қамтылған. Осы бағдарламаныӊ арқасында тек соӊғы екі жылда 15 шекара бекеті пайдалануға берілді, тағы 7 заманауи кешенніӊ құрылысы басталды. Теӊіз және шекара қызметініӊ авиапаркі екі жаӊа кемемен, 6 ұшақ-пен және бір тікұшақпен толықты.

Әлбетте, шекарашылардыӊ әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Оныӊ жарқын көрінісі - ҰҚК ШҚ әскери қызметшілерініӊ қаражатын көтеру жөніндегі Елбасыныӊ жақында шыққан шешімі. Осындай шаралар шекарашы әскерилердіӊ өзіне деген сенімін арттырып, рух-жігер беріп қана қоймай, Шекара қызметініӊ имиджі мен беделін биіктететіні сөзсіз. Элиталық шекара әскерлерініӊ қатарында қызмет ету көптеген адамныӊ арманына айналды. Кез келген жүйеніӊ кәміл болуы, басталған жұмыстыӊ сәтті аяқталуы мамандарға байланысты. Қазіргі таӊда ҰҚК-ніӊ деӊгейі өсіп, беделі артқанын сеніммен айта аламыз. Тәуелсіздік жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарыныӊ өзіндік дербес негіздері мен құндылықтары қалыптасты. Олар Отанымызға, халық пен Қазақстан Президентіне адал қызмет етуге кәсіби тұрғыда дайын. Бұл өз кезегінде ҰҚҚ қызметкерлерініӊ кәсібилігін сипаттайды әрі қабілет-қарымын көрсетеді. Біз 25 жылдық тарихымызбен, сондай-ақ, қалыптасқан дәстүрімізбен мақтанамыз. Осы арада Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында "Күллі жер жүзі біздіӊ көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыӊғыр, жаӊа тарихи кезеӊ басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіӊіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теӊеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаӊа дәуірдіӊ жағымды жақтарын бойға сіӊіруіміз керек", деп жазғаны еске түседі. Халықаралық қалыптасқан жағдайларға байланысты ҰҚК мекемені жаӊғырту және ребрендинг жасау жұмыстарын жалғастырып келеді. Заман талабы елі-міздіӊ алдына жаӊа сынақтар қойып отыр. Бұл жайт қауіпсіздік қызметініӊ қырағылығын, ұтқырлығын, техникамен жабдықталуын және ерекше шешім қабылдауын қажет етеді. Біз алдын ала әрекет жасауды меӊгердік және бүгінде ҰҚҚ кез келген тапсырманы орындауға әзір екенін айта аламыз. Бұған бізді Қазақстан халқы мен Президентініӊ сенімі міндеттеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ 25 жылдық мерейтойына орай, барша жеке құрам мен ардагерлерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, отбасы амандығы мен жаӊа табыстар тілеймін",- деді Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы.
Просмотров: 3506

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter