Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 ақпан 2018
  • 25
  • :
  • 21
17:00

Мәдина Әбілқасымова ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды09.02.2018
Государство  23:20
Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.

Мәдина Ерасылқызы 1978 жылы 1 тамызда туған.

1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Гарвард университетініӊ Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін "мемлекеттік басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген. Еӊбек жолын 1999 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасыныӊ стратегиялық жоспарлау агенттігініӊ бас маманы болып бастаған. 2003 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасыныӊ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігініӊ стратегиялық жоспарлау басқармасыныӊ бастығы; 2004 жылдан 2006 жылға дейін - "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментініӊ директоры; 2006 жылғы ақпаннан 2008 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ Әлеуметтік-экономикалық бөлім меӊгерушісініӊ орынбасары; 2008 жылғы наурыздан 2011 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасыныӊ Президент Әкімшілігініӊ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меӊгерушісініӊ орынбасары; 2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасыныӊ Экономикалық даму және сауда вице-министрі; 2012 жылдан бастап Дүниежүзілік банктіӊ Қазақстандағы басқарушысыныӊ орынбасары; 2013 жылғы ақпаннан 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасыныӊ Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болған. Тағайындауға дейін 2014 жылдыӊ тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. "Астананыӊ 10 жылдығы", "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Ерен еӊбегі үшін", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", ІІ дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін", "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен марапатталған.
Просмотров: 4322

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter