Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 ақпан 2018
  • 25
  • :
  • 21
17:00

Маӊғыстау облысыныӊ Құрық ауылында тәулігіне 50 мыӊ текше метрге дейін су тұщытатын зауыт салу жоспарлануда14.02.2018
Государство  12:46
Ақтау. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды. Сапар барысында "GFM Қазақстан" ЖШС базасындағы тренинг орталығыныӊ және аудандық жұмыспен қамту орталығыныӊ "Open Space" жаӊа форматтағы жұмысымен танысып, аудан әкімініӊ м.а. Қыдырберді Бековтыӊ 2017 жылы атқарған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы халық алдында берген есебін тыӊдады.

Өткен жылмен салыстырғанда аудан халқыныӊ саны 1,6 %-ға көбейіп, 37 200 адамға жетті.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 2017 жылы 174 млрд. теӊгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 155,6 пайыздық көрсеткішті құрады.

Өнеркәсіп өнімдерініӊ ауқымы 2017 жылы 852,8 млрд. теӊгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі - 105,5 пайызға жетті.

Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 2017 жылы 50 млрд. тенге. Бүгінгі күні Құрық паромдық кешені арқылы барлығы 1 475 830 тонна жүк тасымалданды. (импорт 593 348 тн, экспорт - 882 482 тн).Сонымен қатар, 28 жүк автокөлігімен 584,7 тонна жүк экспортталды.

2017 жылы 40,3 мыӊ ш.м. түрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 105,9 пайызды құрады.

Аудан бюджеті 2017 жылдыӊ қорытындысымен - 9 млрд.170 млн теӊге, кірістер бойынша орындалысы - 101,5 пайыз (9 млрд 305 млн).

2017 жылы 505,5 млн. теӊгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылды.

Білім саласын цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мақсатында аудандағы 2 мектепке электрондық журнал енгізілді (Құрық орта мектеп гимназиясы мен №4 орта мектеп).

"Ералы Лұқпанұлы, Сіз ауылшаруашылық өнімдерініӊ жалпы шығарылым көлемін 2017 жылға 2 млрд 064 млн. теӊге жеткізуде тапсырған болатынсыз, аталған тапсырма 2 млрд. 135 млн. теӊге көлемінде орындалып, 2016 жылмен салыстырғанда 108,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, 2018 жылы 27 құдық қазу жоспарланып отыр. Аққұдық ауылы тұрғындарыныӊ сұранысына сәйкес, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында жаӊбыр суларын жинауға арналға 5 мыӊ кубтық тоған құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда", - деді Қарақия ауданы әкімініӊ м.а. Қыдырберді Беков.

Облыс әкімініӊ Қарақия ауданыныӊ әкімдігіне жүктеген 135 хаттамалық тапсырмасыныӊ 56-ы толықтай орындалды. Қалған 79 тапсырманыӊ 23-і өтпелі кезеӊмен 2018 жылы іске асырылады. Қалған 56 тапсырма тұрақты бақылауға алынды.

"Қарақия ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеӊберінде Құрық ауылы теӊіз жағалауынан тәулігіне 50 мыӊ текше метрге дейін су тұщытатын зауыт құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Жобаныӊ арқасында 450 жаӊа жұмыс орындары пайда болады және аудандағы ауыз су мен техникалық су мәселесі толық шешімін табатын болады. Жоба құны - 50,0 млрд. теӊге. Облыс әкімніӊ бірінші орынбасары Серік Аманғалиевке, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі
Просмотров: 2951

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter