Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қыркүйек 2018
  • 09
  • :
  • 02
17:00

Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трамптан құттықтау хат келіп түсті06.07.2018
Государство  22:06
Астана. 6 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трамптан Астананыӊ 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда.

Дональд Трамп Қазақстан Президентініӊ атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаӊтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастыӊ нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереӊдей түскенін атап өтті.

"Туған күніӊізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананыӊ 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздіӊ басшылығыӊызбен "ЭКСПО-2017" көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанныӊ қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәӊгілік мұра болып қала бермек", - делінген құттықтау хатта.

АҚШ президентімен қатар, Астананыӊ 20 жылдығына және Қазақстан Президентініӊ туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларыныӊ құттықтаулары келіп түсуде.

Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путин өзініӊ құттықтау жеделхатында Астана мен Мәскеу арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестіктіӊ одан әрі нығайып, Қазақстан мен Ресейдіӊ Еуразиялық Экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы өзара табысты ықпалдастығы кеӊейе түсетініне сенім білдірді.

"Сіз өз еӊбегіӊіздіӊ арқасында Қазақстан халқыныӊ құрметіне бөленіп, халықаралық деӊгейде жоғары беделге ие болдыӊыз. Сіздіӊ еуразиялық интеграция жөніндегі идеяларыӊыз елдеріміздіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына, Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп, дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді.

Шын жүректен Сізге зор денсаулық, бақ-береке, амандық және жаӊа жетістіктер тілеймін", - делінген жеделхатта.

***

Беларусь Республикасыныӊ Президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық тұрғыда нығайтуға қосқан жеке үлесін беларусь халқы жоғары бағалайтынын атап өтті.

"Сіздіӊ жасампаз және жан-жақты қызметіӊіз Қазақстанды қуатты әрі тәуелсіз елге айналдырды, ал сындарлы әрі көреген сыртқы саясатыӊыз халықаралық аренада кеӊ қолдауға ие болды.

Екі жақты әріптестікті нығайту біздіӊ достас халықтарымыздыӊ мүддесіне және ортақ еуразиялық үйімізді дамытуға одан әрі қызмет ете береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

***

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз хатында Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқыныӊ игілігі жолындағы барлық бастамаларыныӊ табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

"Сіздіӊ дана басшылығыӊыздыӊ арқасында бауырлас Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму жолында зор жетістіктерге жетіп, халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтып келеді.

Екі жақты қатынастарымыздыӊ жоғары деӊгейі Түрікменстан-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті және мемлекетаралық байланыстарды барлық бағыттар бойынша одан әрі кеӊейту үшін берік негіз болатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

***

Армения Республикасыныӊ Президенті Армен Саркисян өз жеделхатында екі ел арасында қалыптасқан сындарлы өзара іс-қимыл Армения-Қазақстан мемлекетаралық ынтымақтастығыныӊ күн тәртібін елеулі түрде толықтыра түсетінін атап өтті.

"Сіз мемлекетті басқару ісіндегі мол тәжірибеӊіздіӊ, Қазақстан Республикасыныӊ мүддесін табандылықпен қорғай білетіндігіӊіздіӊ және кеӊ көлемді халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету міндеттерін шеше алатындығыӊыздыӊ арқасында халықаралық аренада зор құрмет пен барша жұрт мойындаған беделге ие болдыӊыз.

Сізге зор денсаулық, амандық пен толайым табыс, ал Қазақстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін", - делінген жеделхатта.

***

Молдова Республикасыныӊ Президенті Игорь Додон Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, Еуразиялық экономикалық одақты құруға және қалыптастыруға зор үлес қосқанын атап өтті.

"Сіз өткен ғасырдыӊ 90-шы жылдарыныӊ өзінде елдеріміз үшін қазіргі күрделі әлемде егемендік пен тәуелсіздікті сақтаумен қатар өз экономикалық әлеуетін арттырудыӊ маӊызды екенін де түсініп, осы мақсатпен еріктілік пен теӊ құқылы ұстанымға негізделген мемлекетаралық бірлестік құруды ұсындыӊыз. Сіздіӊ идеяӊыз жүзеге асып, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Осы ұйымда Молдова Республикасы бақылаушы мемлекет мәртебесін алды", - делінген жеделхатта.

***

Испания Королі VI Фелипе Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына және Мемлекет басшысыныӊ туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

"Астана "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ ашылу рәсіміне қатысу үшін Сіздіӊ еліӊізге сапармен барғанда қонақжайлық танытып, мені ыстық ықыласпен қарсы алғаныӊыз есімде.

Осы тамаша мүмкіндіктіӊ арқасында мен елордаӊыздыӊ заманауи инфрақұрылымы бар әрі жарқын болашаққа ұмтылған ірі қалаға айналғанын көрдім", - делінген жеделхатта.

***

Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дуда Қазақстан мен Польша арасындағы достық қатынастар екі жақты табысты ынтымақтастықтыӊ дәлелі екенін атап өтті.

"Қазақстан Польшаныӊ Орталық Азия өӊіріндегі маӊызды әріптестерініӊ бірі саналады.

Жаһандық проблемаларды шешу ісіне белсенді атсалысқаныӊыз үшін Сізге зор құрметпен қараймын. Қазақстанныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Қауіпсіздік Кеӊесіне төрағалық ету кезіндегі бастамалары, соныӊ ішінде өзім қатысқан жоғары деӊгейдегі жарыссөздер - соныӊ айқын дәлелі. Сіз қолға алып жатқан игі істер өӊірде және әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді ден сенемін", - делінген жеделхатта.

***

Сербия Республикасыныӊ Президенті Александр Вучич барша қазақстандықтарды Астананыӊ 20 жылдығымен құттықтап, Мемлекет басшысына жауапты қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

"Қазақстанныӊ қол жеткізген жетістіктеріне тәнті екенімді білдіргім келеді. Сіз тиімді басшылығыӊыздыӊ арқасында "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері", "Бес әлеуметтік бастама", "Қазақстан - 2050" стратегиясы" сияқты бастамалар аясында көздеген мақсаттарыӊыздыӊ бәріне қол жеткізесіз деп сенемін.

Сіздіӊ көрегендігіӊіз бен жұмысқа берілгендігіӊіздіӊ арқасында Қазақстан қарыштап дамып, бірте-бірте әлемде маӊызды орынға ие болып келе жатыр", -делінген жеделхатта.

***

Болгария Республикасыныӊ Президенті Румен Радев екі жақты негіздегі және Еуропа Одағы мен Қазақстан қарым-қатынастары аясындағы мемлекетаралық диалогтыӊ даму барысына көӊілі толатынын айтты.

"Елдеріміз бен халықтарымыздыӊ арасындағы достық қарым-қатынастар біздіӊ саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастығымыздыӊ нығаюына өз үлесін қосатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

***

Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бергі, салыстырмалы түрде, аз уақыт ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығыныӊ арқасында қуатты, дамыған, жоғары халықаралық бедел мен сенімге ие болған мемлекетке айналғанын атап өтті.

"Бұл күндері 20 жылдығын атап өтіп жатқан Астана заманауи Қазақстан дамуыныӊ символы екені сөзсіз.

Сіздіӊ Грузия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаныӊызды ерекше атап өткім келеді. Екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастар дәстүрі алдағы уақытта да нығая береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

***

Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы Дмитрий Медведев өзініӊ құттықтау жеделхатында Қазақстан Президентініӊ екі мемлекетті байланыстыратын достық қарым-қатынастарды, тату көршілікті және одақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

"Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келеді және энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, жоғары технологиялар мен басқа да салалардағы перспективті бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

Үкіметтеріміз арасындағы белсенді әріптестікке негізделген жұмыстар тәжірибе жүзіндегі кооперацияны одан әрі арттыруға және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық іс-қимылдарымызды тереӊдетуге септігін тигізеді деп сенемін", - делінген жеделхатта.
Просмотров: 8544

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter