Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қараша 2017
  • 06
  • :
  • 03
17:00

Тараз қаласында "ANCIENT TARAZ - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрме ашылды14.11.2017
Государство  17:27
Тараз. 14 қараша. Kazakhstan Today - Тараз қаласында "ANCIENT TARAZ - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрменіӊ ресми ашылуы болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырып отырған Жамбыл облысы Әкімдігініӊ кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму Басқармасыныӊ "Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы" КММ.

Форум жұмысына Еуропа, Қытай, Түркия, Солтүстік Кипр, Әзірбайжан және Орталық Азия елдерініӊ өкілдері қатысуда.

Форум қатысушыларыныӊ алдында Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ныӊ Кластерлік Бюросыныӊ директоры Пиккат Крист мырза сөз сөйледі.

Жоғары мәртебелі қонақтар Форум қатысушыларына бірлескен ниеттер мен жобаларды іске асыру үшін тәжірибелік шешімдерді іздеу жолында өнімді жұмыс тіледі.

Форумныӊ басты тақырыптары Жамбыл облысыныӊ туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын дамыту, бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді қалыптастыру жолында аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықтыӊ жаӊа формалары, түрлі мақсатты аудиторияларға "ANCIENT TARAZ" туристік сауда белгісін жылжыту, туристік қызмет сапасын арттыру, аймақтыӊ туристік инфрақұрылымын салу және жаӊғырту мәселелерініӊ төӊірегінде өрбіді.

Форум ұйымдастырушыларыныӊ пікірі бойынша, "ANCIENT TARAZ" аймақтық туристік сауда белгісі өзіміздіӊ туристермен қатар басқа елдіӊ де туристері үшін келешегі зор тартымды орталық болып табылады. Жамбыл облысы, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарымен қатар, "Ұлы Жібек жолын жаӊғырту" туристік кластеріне кіреді.ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енетін Ұлы Жібек жолында орналасқан бес мемлекеттік табиғи қаумалдар мен бес мәдениет ескерткіштерініӊ болуы аймақты көптеген туристер үшін өте тартымды етеді.

"Қазақстан аймақтарында "ANCIENT TARAZ" секілді сапалы туристік сауда белгілерін құру және жылжыту ішкі, әрі кіру туристік ағындарыныӊ өсуіне себепкер болады. Жамбыл облысыныӊ әлеуеті зор. Мұнда 3365 тарихи-мәдени ескерткіштер, соныӊ ішінде 2934 археология ескерткіштері, 111 тарих ескерткіштері, 97 архитектура ескерткіштері мен 28 монументалды өнер ескерткіштері бар. Қазір біз өзіміздіӊ туристік өнімімізді республика мен одан тыс аумақта жылжытудыӊ жоспарын құруға, сондай-ақ, қызмет пен инфрақұрылым сапасын арттыруға тиіспіз. Ұйымдастырушылар бұл Форум осы міндеттердіӊ барлығыныӊ шешілуіне ықпал етеді деген сенімде", - деп атап өтті Форум ашылуында Қазақстандық туристік қауымдастықтыӊ директоры Рашида Шайкенова.

Қазіргі таӊда Жамбыл облысында 44 туристік фирма, 150 қонақүй, 1 киіз үйлі қалашық, 8 демалыс аймақтары, 10 балаларға арналған сауықтыру лагерьлері, бірегей емдік қасиетке ие балшықтары мен минералды сулары бар 5 шипажайлық-курорттық сауықтыру орындары қызмет етеді.

Облыста аймақтағы туризм туралы барлық ақпарат ұсынылатын Туристік ақпараттық орталық құрылған мұнда облысқа келген әрбір турист өзіне қажетті пайдалы ақпаратқа қаныға алады. Орталық "бір терезе" қағидасымен қызмет етіп, туристті тіркеуден бастап, турлар мен бағыттарды таӊдауға дейінгі қызметтердіӊ толық қатарын қамтамасыз етеді.

"ANCIENT TARAZ - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрме қарсаӊында қала билігі Жамбыл облысыныӊ туристік мүмкіндіктерін әйгілеу мақсатында қытай және отандық туроператорларға арналған ақпараттық-таныстырымдық саяхаттар өткізді.

Форум аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен "Қазақстанныӊ Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат" Халықаралық Фестивалі, сондай-ақ, Жамбыл облысыныӊ Әкімдігініӊ к?сіпкерлік ж?не индустриялық-инновациялық даму Басқармасыныӊ қолдауымен "TARAZ FASHION DAY" Іс-шарасы өтті.
Просмотров: 1408

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter