25.04.2023, 08:51 29546

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

Ол әлемдік рейтингтің жетіншіден алтыншы орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды
Сурет: ktf.kz
Астана. 25 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис Федерациясы хабарлады.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live рейтингінде Рыбакина жетіншіден алтыншы орынға көтерілді.

Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты.

Мадрид жарысының өткен жылғы чемпионы О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сондықтан ол дода біткеннен кейін 1 мың рейтингілік ұпайынан айырылады.

ktf.kz

Еске салайық, Елена Рыбакина Australian Open финалынан кейін WTA рейтингінде оныншы орын алған болатын. Бұған дейін Рыбакина Miami Open финалында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол Индиан-Уэллстегі турнирде жеңіске жеткен болатын. Ал 2022 жылы ол Уимблдонда тарихи жеңіске жетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны