11.07.2022, 16:22 46856

Елена Рыбакина қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді

Елена Рыбакина қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді
Сурет: ktf.kz
НҰР-СҰЛТАН. 11 ШІЛДЕ - Елена Рыбакина қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін", - дейді Елена Рыбакина.

 
Чемпионның бұл жүрекжарды лебізін федерацияның баспасөз қызметі жеткізді. 
 
12 шілде күні елдің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшы елордада бірқатар кездесулер өткізедіп. Федерация мәліметінше, Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланып отыр. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны