20.03.2023, 08:05 35681
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Ол өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді - 6:4.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Е.Рыбакина А.Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.
Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.05.2023, 11:01 3111
Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-приде алғаш рет жеңіске жетті
Барлық үш партияда қазақстандық шахматшы қара фигуралармен жеңіске жетті
Достарға айту
Никосия қаласында (Кипр) ФИДЕ әйелдер Гран-приі қорытынды кезеңінің 7-ші тур партиясы аяқталды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасынан.
Барлық үш партияда қазақстандық шахматшы қара фигуралармен жеңіске жетті. 19 жастағы Бибісара Асаубаева бұрынғы ресейлік, қазір Швейцарияның атынан өнер көрсететін Александра Костенюкты жеңді. Бұл Асаубаеваның Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі, бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.
7-ші тур нәтижесі:
Александра Костенюк - Бибісара Асаубаева - 0:1.
Оливия Кёлбаса - Нана Дзагнидзе - 0:1.
Екатерина Лагно - Динара Вагнер - 0:1.
Полина Шувалова - Харика Дронавалли - 0,5:0,5.
Гюнай Мамедзаде - Александра Горячкина - 0,5:0,5.
Тань Чжунъи - Бела Хотенашвили - 0,5:0,5.
Жеті турдан кейінгі орындар:
1. Динара Вагнер - 5 ұпай.
2-3. Тань Чжунъи, Харика Дронавалли - 4,5.
4-6. Екатерина Лагно, Александра Горячкина, Полина Шувалова - 4.
7. Нана Дзагнидзе - 3,5.
8-11. Александра Костенюк, Бела Хотенашвили, Бибісара Асаубаева, Гюнай Мамедзаде - 3.
12. Оливия Кёлбаса - 0,5.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2023, 11:30 4586
Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді. Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.
Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2023, 22:04 5346
Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды
Сурет: ?ТФ
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды.
Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады - 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты - 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді - 6:4.
Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 3 минутқа созылған матч барысында Еленп 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.
Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2023, 20:08 6591
Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан Теннис федерациясынан.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде латвиялық, біреуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Рыбакина ойынды брейкпен бастады - 2:0. Тағы бір брейк - 4:1. Содан кейін өзі доп берген тартысты геймде төртінші сетболын пайдалана алды - 6:2.
Есесіне екінші партияда латвиялық теннисші алға кетті - 2:0. Жаңбыр жауып кетуіне байланысты есеп 4:2 болғанда, бәсекеде үзіліс болды. Үзілістен кейін Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға кетті - 5:4. Сосын екінші матчболын құр жіберген жоқ - 6:4.
Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Осылайша, қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс жарысының финалына шықты.
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметованы жолдан тайдырды - 7:5, 5:7, 6:2.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2023, 09:52 8036
Елена Рыбакина Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясынан.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е. Рыбакина жеңген еді.
Бірінші партияда Ига Швентек 4:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен, Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.
Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді.
Осылайша, биыл Елена әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты. Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол ширек финалда тартысты кездесуде испаниялық Паула Бадосаны жолдан тайдырды – 6:2, 4:6, 6:3.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2023, 10:58 11196
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы бір сатыға көтерілді
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Inform.kz.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Мәскеу жарысында кездесіп, онда чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткенімен, чехиялық спортшы қайыра брейк жасады. Дегенмен Елена матчты тағы бір брейкпен бітірді - 6:3.
Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша, М.Вондроушовадан есе қайтарған Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Римде әлемнің төртінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті.
Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2023, 13:45 12556
Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті
Елена ширек финалға шығу үшін әлемнің 70-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен кездеседі
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда брейк жасаған ресейлік алға кетті - 3:1. Ізінше Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 4:3. Осы мезетте А.Калинская жарақатына байланысты бәсекені жалғастырудан бас тартты. Небәрі 35 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 3 эйс, 1 брейк жасап үлгерді.
Елена ширек финалға шығу үшін әлемнің 70-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен кездеседі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады. Бублик үшінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасып 1:6, 6:4, 6:7 (0:7) есебімен ұтылып қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2023, 19:39 13776
Ел қоржынына бокстан екінші алтын түсті
Қазақстандық спортшы финалда Өзбекстандық қарсыласы Ойбек Юраевты жеңді.
Достарға айту
Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта бокстан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Қазақстандық спортшы Махмуд Сабырхан финалда Өзбекстандық қарсыласы Ойбек Юраевты жеңді.
Осылайша, ел қоржынында әлем чемпионатынан 2 алтын бар. 21 жастағы Махмуд Сабырхан үшін бұл - ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы екінші медаль. Бұрын күміс жүлдегер болған. Биыл сондай-ақ Азия жастар чемпионатының жеңімпазы да атанды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.05.2023, 17:37ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты 25.05.2023, 17:46 51101Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:25 47086Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды45846Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды25.05.2023, 16:04 36291Алматыда газ монополистіне 77 миллион теңге айыппұл салынды
05.05.2023, 21:04 55811Президент Бүкілармиялық кеңес өткізді05.05.2023, 20:12 55091Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Ташкентте келіссөз жүргізді04.05.2023, 18:20 54421Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәлімдемесі01.05.2023, 09:24 52121Тоқаев қазақстандықтарды Халық бірлігі күнімен құттықтады01.05.2023, 14:07 51831Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті