31.03.2023, 10:16 42146

Рыбакина Miami Open финалына өтті

Рыбакина Miami Open финалына өтті
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық спортшы жеңіс сериясын 13 матчқа дейін ұзартты

Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы жеңіп, Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді.

Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:4.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Рыбакина финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Елена бір жарым апта бұрын Индиан-Уэллсте өткен турнирде жеңіске жеткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны