14.07.2011, 15:40 592

"Бірыңғай экономикалық кеңістік - шағын және орта бизнес кәсіпорындарының инновациялық даму жолдары үшін жаңа әлеуеттер, жағдайлар және мүмкіндіктер" атты бизнес форум

12 шілде күні Алматыда алғаш рет өткізілгелі отырған "Бірыңғай экономикалық кеңістік - шағын және орта бизнес кәсіпорындарының инновациялық даму жолдары үшін жаңа әлеуеттер, жағдайлар және мүмкіндіктер" атты бизнес форумды өткізуге дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Онда маңызды ұйымдастыру мәселелері шешілді.

Ұйымдастыру комитетінің отырысына Қазақстан мен Ресейдің іскерлік орталары мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамы мен құрылымы бекітілді және Ұйымдастыру комиетінің төрағасы болып ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Абылай Мырзахметов сайланды. Ал Ұйымдастыру комитетінің тең төрағалары болып Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының Орта Азиядағы өкілі Виктор Жигулин, Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Виктор Завьялов пен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков сайланды.

Ұйымдастыру комитеті Бизнес-форумның өтер мерзімі мен мекенін де бекітті. Шараны 2012 жылдың 29-31 мамыр аралығында Алматы қаласындағы "RIXOS ALMATY" қонақ үйінде өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?