05.07.2011, 19:30 826

Қарағандыда заманауи жылыжай кешені іске қосылды - баспасөз баяны

Инвестициялық жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге. Оның 918,1 млн теңгесін "ҚазАгроФинанс" отандық лизинг компаниясы инвестициялап отыр.

Қарағандыда "Green Technology" ЖШС-нің 3 гектар жерінде жоғары технологиялы жылыжай кешені іске қосылды. ИНвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында "ҚазАгроФинанс" АҚ қаржыландырған "Индустрияландыру картасындағы" инвестициялық жоба 4 шілде күні Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен телекөпір барысында ресми түрде таныстырылды.

Инвестициялық жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге. Оның 918,1 млн теңгесін "ҚазАгроФинанс" отандық лизинг компаниясы инвестициялап отыр.

Жылыжай қазірдің өзінде өзінің алғашқы өнімдерін бере бастады. Қазіргі таңда орта есеппен 340 тонна қияр жиналып алынды. Кәсіпорын өнімдері өңірлік нарықта саудалануда және өсірілген көкөністерін Астанаға тасымалдай бастады.

Қарағандыдағы "Green Technology" ЖШС кешені ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінен осы секілді жылыжай кешендерін салуға деген өтініштерін қабылдай бастағаннан бергі "ҚазАгроФинанс" мақұлдаған және қаржыландырған 10 жобаның бірі. Ол бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 8,6 млрд теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?