12.05.2022, 15:02 17501

Қазақстанда инфляция 13,2%-ға дейін өсті

Қазақстанда инфляция 13,2%-ға дейін өсті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - Қазақстандағы инфляция, Ұлттық банк болжамына сәйкес, наурыздағы 12%-дан сәуірде барлық компоненттер бойынша баға жылдам өскендіктен 13,2%-ға дейін қарқын алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың ақпараты бойынша, азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне ең көп үлесті қант, қырыққабат, күнбағыс майы қосып келеді. 
 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта сайынғы өсуі тұрақтанды. Алайда наурызда жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныс артқандықтан, бағаның жылдық өсімі жоғары деңгейде сақталып отыр", - деді Пірматов бейсенбіде Үкімет отырысында.

 
Ол сыртқы инфляциялық жағдай 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасына өсім тұрғысынан қысым көрсетуін жалғастырып жатқанын атап өтті. 
 
Ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3%-дан 8,9%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарық қызметтері бағасының өсуіне байланысты болды.
 

Инфляциялық тәуекелдерді ескере отырып, инфляция жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталатын болады", — деді Ғ. Пірматов.

 
Сәуірде жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. 
 

Сәуірде шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай азаюы байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі $179 млн-нан $92 млн-ға дейін азайды", - деді Ұлттық Банк басшысы.

 
Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олардың көлемі сәуірде шамамен $253,2 млн құрады. Республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде Ұлттық қордан $168,3 млн сатылды. Ұлттық қордан сатудың үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ын құрады.
 
Ол ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы аясында Ұлттық банк сәуір айында валюталық интервенцияларды жүргізбегенін еске салды.
 
Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, жалпы халықаралық резервтер сәуір айының соңында $85,9 млрд құрады.
 
Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банк шоттарындағы қалдықтардың және сыртқы борыш бойынша төлемдердің есебінен $851 млн төмендеп, $33,5 млрд құрады.
 
Ұлттық қордың активтері $52,4 млрд құрады. Республикалық бюджетке 1,5 трлн теңге трансферт бөлу үшін биылғы 4 айда $2,3 млрд-қа валюталық активтер сатылды.
 

Мұнай бағасы көтерілген тұста Ұлттық қорға түсетін түсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 еседен көп ұлғайып, жыл басынан бері 2,1 трлн теңгені құрады. Ұлттық қордың кірістілігі құрылғаннан бастап 30 сәуірге дейін жылдық көрсеткіште 3,22% құрады. Соңғы 5 және 10 жылдағы кірістілік жылдық көрсеткіште, тиісінше, 2,38% және 1,62% болды", - деді Пірматов.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері ҚР ЖІӨ өсу қарқыны 4,4%-ды құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны