28.02.2023, 08:43 12161

15 наурыздан бастап Шымкент МӨЗ күрделі жөндеуге тоқтайды

Жөндеу жұмыстары 9 сәуірге дейін жалғасады
15 наурыздан бастап Шымкент МӨЗ күрделі жөндеуге тоқтайды
Сурет: gov.kz
Шымкент. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурыздан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытына биыл 15 наурыз бен 9 сәуір аралығында жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен оның жекелеген бөліктерін ауыстыруды, қалпына келтіру және оларды реттей отырып, қамтамасыз етуді көздейді.

Министрліктің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық жабдықтар мен құбырларды, энергетикалық жабдықтарды, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу құралдарын куәландыру үшін мұнай өңдеу зауыттарына жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүргізу талап етіледі.

Бұған дейін Атырау облысында АМӨЗ-де каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысы қайта басталғаннан кейін бірнеше күн бойы байқалған сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілгені хабарланған болатын.

2023 жылдың 10 ақпанында ПМХЗ ақаулардың анықталуына байланысты дизель отынын өндіруді уақытша тоқтатты. 14 ақпаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуден кейін дизель отынын өндіруді қайта бастады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны