27.06.2021, 21:36 10372

Биыл Ақмола облысында 20-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады

КӨКШЕТАУ. 27 МАУСЫМ - Алға қойылған міндеттер мен дағдарыстан кейінгі дамудың басым бағыттарын іске асыра отырып, Ақмола облысы дамудың оң серпінін сақтап отыр. 5 айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген бағыттары бойынша жоспарлы индикаторларға қол жеткізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың өсуі болды. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
 
Капитал салымының өсуі іс жүзінде экономиканың барлық салаларында байқалады. Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялардың ең көп өсуі - 7,3 есе, ақпарат және байланыс - 5,4 есе, ауыл шаруашылығы - 3 есе, ойын-сауық және демалыс - 2,9 есе, білім беру - 2,1 есе.
 
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша, өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялардың өсу серпіні сақталуда. 5 ай ішінде өткен жылдың деңгейіне қарағанда бір жарым есе өсіммен 17 млрд теңгеден астам инвестиция салынды.
 
Инвесторлар осы жылдың соңына дейін инвестиция сомасы 150 млрд теңгеден асатын 23 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, оның жартысы тамақ өнеркәсібі жобалары. Олардың ішіндегі ең ірісі - Аршалы ауданында қуаттылығы жылына 6 мың тонна "Ақ Дала Агро" құс фабрикасының құрылысы, оның қуаттылығы 15 мың тоннаға дейін артады.
 
Қаражат тарту өңірде жаңа жоғары технологиялық өндірістер құруға, көптеген кәсіпорындарды жаңғыртуға, халықты қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны