28.12.2015, 13:10 3985

2016 жылы ҚР Үкіметі ШОБ-ті кредиттеуге ХҚҰ-нан шамамен 65 млрд теӊге тартады

2016 жылы ҚР Үкіметі ШОБ-ті кредиттеуге халықаралық қаржы ұйымдарынан 65 млрд жуық теӊге тартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылы ҚР Үкіметі ШОБ-ті кредиттеуге халықаралық қаржы ұйымдарынан 65 млрд жуық теӊге тартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылы ШОБ-ті кредиттеуді арттыру үшін ХҚҰ-нан 65 млрд теӊге сомаға кредиттік желілер тартылады", - деді Е.Досаев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ ішінде, оныӊ айтуынша, Дүниежүзілік банктен 30 млрд теӊге тарту, Азия даму және қайта құру банкінен 30 млрд теӊге және Еуразиялық қайта құру және даму банкінен 5 млрд теӊге тарту жоспарланған.

Министр айтып өткендей, ШОБ-ті қолдау мақсатында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы желісі бойынша ағымдағы жылдыӊ 11 желтоқсанында Үкімет қаулысы қабылданды, оныӊ аясында өӊірлерге айналым қаражатын толықтыру үшін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 7,2 млрд теӊге сомаға қосымша қаражат, 2016 жылы инвестициялық несиелерді субсидиялау және кепілдеуге 7 млрд теӊге бағытталады.

"Бұл экономикаға 202 млрд теӊге сомаға несиелер тартуға, 418 млрд теӊгеден астам сомаға өнім өндірісін арттыруға, 15777 жұмыс орындарын сақтауға және құруға, бюджетке 50 млрд теӊге сомаға түсімдер қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп нақтылады ведомство басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны