12.02.2020, 23:39 4401

2019 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданында 4,5 мың жұмыс орны ашылды

Алматы қаласының Жетісу ауданы өндіріс көлемі бойынша бірінші орында тұр, ол 23%-ды құрайды. 2019 жылы ол 4,7% өсіммен 216,7 млрд.теңгені құрады.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - 2019 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданында 4,5 мың жұмыс орны ашылды.

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов өткен жылы оның ведомствасында орналасқан аудан аумағында 4364 жұмыс орны құрылғанын, бұл жоспарланғаннан 3300-ден артық екенін айтты.

Бұдан өзге, жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгелік 6 инвестициялық жобаны іске қосу нәтижесінде қосымша 207 адам жұмыспен қамтылды.

"Бізде "Келет" базары 450 млн.теңге инвестициямен қазақстандық газ қазандықтарын өндіру бойынша роботталған желіні іске қосты, "Carlsberg Kazakhstan" ЖШС 2 млрд. теңге инвестициямен өндірістік желіні модернизациялап, қосымша 15 жұмыс орнын ашты. Камертон компаниясы 197 млн.теңгеге инвестиция арқылы ірімшік өндіретін құрал-жабдықтарды орнатып, 17 жұмыс орнын ашты", - деп нақтылады Мақсат Қиқымов.

Бұдан өзге, Жетісу ауданы әкімі "АвтоАлмаТранс" ЖШС өткен жылы 20 автобус сатып алғанын, инвестиция сомасы - 673 млн. теңге, бұл тағы 20 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бергенін хабарлады.

Сондай-ақ, Мақсат Қиқымов, осынау жетістіктермен тоқтамайтындығын айтты. Осыған байланысты ағымдағы жылы жалпы сомасы 10 млрд. 160 млн. теңгеге 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, бұл шамамен 3000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Алматы қаласының Жетісу ауданы өндіріс көлемі бойынша бірінші орында тұр, ол 23%-ды құрайды. 2019 жылы ол 4,7% өсіммен 216,7 млрд.теңгені құрады.

Сондай-ақ, аудан 800, 2 млрд теңгені құрайтын бөлшек сауда көлемі бойынша бірінші орында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны