2020 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда, 2-тоқсанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 0,2%-ға өсіп, 5%-ды құрады
Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Статистика органдарының мәліметі бойынша, 2020 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда, 2-тоқсанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 0,2%-ға ғана өсіп, 5%-ды құрады. Алайда болашақта жұмыссыздар саны едәуір артуы мүмкін.
Осылайша, статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 0,9% төмендеді. Сонымен қатар, жұмыс күшінен тыс халық саны екінші тоқсанда бірінші тоқсанмен салыстырғанда 79,2 мың адамға немесе 2% -ға өсті.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғындықовтың айтуынша, жұмыссыздық мәселесінің күрт ушықпауының бір себебі, халықтың ішінара жұмыс күшінен экономикалық белсенді емес санатқа ауысуымен байланысты.
"Карантинге байланысты шектеу шаралары күшіне енген кезде жұмыссыз адам жұмыс іздеуді уақытша тоқтатуы немесе іздеуі, бірақ оны дереу бастап кете алмауы мүмкін. Бұл жағдайда ол жұмыссыз деп танудың кейбір талаптарын сай келмейді және тиісінше статистикада ескерілмейді. Шектеу шаралары аяқталған соң, бұл азаматтар жұмыс істеуге дайын болады және өздеріне табыс табатын жер іздей бастайды, осылайша жұмыссыздық туралы статистикада көрініс табады", - деп атап өтті ол.
Сарапшы, сондай-ақ, 2008-2009 және 2015-2016 жылдардағы дағдарыстар тікелей жұмыссыздықтың саны мен деңгейіне қарағанда, жұмыс күшінен тыс халықтың өсуіне көбірек себеп болғанын келтірді.
Жұмыссыздықтың салыстырмалы түрде төмен болуының тағы бір негізгі қыры - жұмыс берушілердің жаппай жұмыстан босатудың орнына, жұмыс уақытын қысқарту жөнінде шаралар қабылдауы.
"Қажет қызметкерді іздеу өте ұзақ уақытқа созылатын жағдайда, қысқартылған жалақы және/немесе жұмыс уақыты түріндегі жұмыстан босатудың баламасы компания үшін де, жұмысшы үшін де тиімді болып көрінеді. Біріншісі - іскерлік қабілетті қалпына келтіру кезінде күш-жігерді жаңа кадрларды таңдауға жұмсау қажет емес, екіншісі - түскен кіріс ішінара болса да сақталады", - деп түсіндірді Дәулет Арғындықов.
Сондай-ақ, сарапшы айтқандай, статистикалық деректердің сырын кетірмейтіні сол, "уақытша жұмыссыздар" санатына адамдардың үлкен тобы еніп отыр. Бұған демалыстағы адамдар (жыл сайынғы еңбек, жұмыс берушінің бастамасы, бала күтімі, оқу), жеке себептер бойынша жұмыссыз жүру, денсаулық жағдайы, жұмыстың маусымдық болуы, жұмыстың уақытша тоқтап тұруы, ауыспалы жұмыс немесе еркін жұмыс кестесі кіреді.
"Осы санаттағы адамдар уақытша жұмыссыз болғанына қарамастан, еңбек статистикасында жұмыс орнымен байланысты сақтаған болып саналады. Сондықтан оларды жұмыссыздар немесе экономикалық белсенді емес деп санауға болмайды. Осылайша жұмыспен қамтылған тұрғындар тобына жатады. 2020 жылдың бірінші және екінші тоқсандарымен салыстырғанда уақытша жұмыссыздардың саны 406,2 мың адамға артты", - деді "ЕРДО" АҚ президенті.
Осы санатқа жататын азаматтар қатарының күрт өсуіне, олардың жұмыс берушілері жыл сайынғы еңбек демалысына жұмысшыларды жаппай жіберуі, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің нұсқауына сәйкес еңбек қызметі шектелген немесе тоқтатылған адамдар санының көбеюі және тағы басқа себептер әсер етуде.
"Макроэкономика және әлемдік жағдай тұрғысынан алғанда, еңбек нарығы үшін экономикаға қатысты түйткілдер әлі алда тосып тұр. Макроэкономикалық терминологияда кірістің төмендеуіне байланысты тұтынудың дүниежүзілік төмендеу қарқыны экспортталатын өнімге сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады. Бұл баға мен экспорт көлемінің құлдырауы немесе төмен күйде сақталуына апарады. Валюта түсімдері мен экспорттық компаниялар кірісі ағынының төмендеу үрдісі өз кезегінде басқа салаларға ықпал етеді. Осылайша, жақын келешекте мемлекеттік қолдау шаралары қысқарса жұмыссыздықтың өсетіні анық, бірақ оның қанша уақытқа созылатынын болжау мүмкін емес", - деп қорытындылады сарапшы.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді
Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасымен кездесуде өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері және инвестициялық компаниялармен сенімді диалогты одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Еліміз үшін стратегиялық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы 38-ші жалпы отырысының дайындық барысына назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңа Салық кодексі бойынша оңайлатылған декларация негізінде жаңартылған арнайы салық режиміне көшу
Хабарламаны автоматты түрде беру жүзеге асырылады:
- салық төлеушінің кабинетінде "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" ақпараттық жүйесінде "құжаттарды тапсыру" бөлімінде "қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама" қолжетімді болады, оны салық төлеушілер өздерінің ЭЦҚ-сына қол қою арқылы және "E-Salyq Business" мобильдік қосымшасы арқылы жібере алады;
- ірі банктердің банктік қосымшаларында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ыстанбұлда қазақстандық кәсіпкерлердің даму әлеуеті талқыланды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу жүзеге асырылуда
Бірінші. Салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу. Негізгі тәсіл - салық төлеушіні сервистік сүйемелдеуге: тіркелген сәттен бастап және оның бүкіл қызметі бойында "бақылау үшін бақылаудан". Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамытумен қамтамасыз етілетін болады", - деді министр.
- декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде декларациялау;
- маңызды оқиғалар бойынша push-хабарламалар. Мысалы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою немесе салық есептілігін беру мерзімі басталған кезде;
- жекелеген процестер - "өтiнiшсiз" форматта. Мысалы, мемлекеттік бажды автоматты түде қайтару немесе салықтарды есепке жатқызу.
- оңтайлы ұйымдық-құқықтық нысанды,
- салық салудың қолайлы режимін,
- есептілік тізбесін,
- тапсыру және төлеу мерзімдерін,
- өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағытына бағдар береді.
- міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, жыл қорытындысы бойынша төлейтін болады.
Өндіріп алудың жаңа тәсілдері: шағын бизнесті шамадан тыс әкімшілік шаралардан қорғау. Біз шаралар мөлшерлес болуы және елеусіз сома үшін микро- және шағын бизнеске "қысым жасамауы" үшін салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдерін айтарлықтай өзгертуді жоспарлап отырмыз. Басты өзгеріс - ден қою шаралары басталатын шектерді көтеру. Егер бұрын, әлеуметтік аударымдар бойынша іс жүзінде шек болмаған кезде, осы жылы салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 айлық есептік көрсеткіштен өндіріліп алынған болса, онда енді салық берешегі бойынша шегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша шамамен 26 мың теңгеге немесе 6 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Неге бұл маңызды: өйткені, бүгінде әлеуметтік төлемдер бойынша шектің болмауы себебінен өндіріп алу шараларына тап осы микро- және шағын бизнес жиі түседі - борышкерлердің шамамен 72%-ының 6 айлық есептік көрсеткішке дейін борыштары бар. Осының кесірінен шығыс операциялары тоқтатылады, бизнес уақыты мен ақшасын жоғалтады", - деді министр.
- 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін болса - хабарлама жіберіледі, өзге шараларсыз, тек өсімпұл ғана есептеледі;
- 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе тиісінше 20-дан 45 айлық есептік көрсеткішке дейін болса - хабарлама жіберіледі; өтелмеген кезде борыш сомасы шегіндегі шығыс операциялары тоқтатыла тұрады және тек содан кейін ғана инкассолық өкімдер шығарылуы мүмкін;
- 195 мың теңгеден немесе 45 айлық есептік көрсеткіштен астам болса - мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты неғұрлым қатаң шаралар қолданылады.
- 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдердегі камералдық бақылау мен салықтық тексерулер күшін жояды, яғни, өткен кезең үшін тексеру болмайды;
- осы кезеңдердегі мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру тоқтатылады;
- оңайлатылған рәсімге құқығы бар субъектілерді тарату жеңілдетіледі - камералдық бақылаусыз болады;
- қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды бұзған және өткен кезеңдерге есептілік ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады;
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі борышты өтеген жағдайда - салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.
- ресми ресурстарды пайдалану арқылы онлайн-консультациялар беріледі, оның ішінде жеке Telegram-арна құрылатын болады;
- офлайн және онлайн вебинарлар;
- есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар.
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
- түсіндіру бөлігінде - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді
2025 жыл жаңа салық-бюджет саясатының қабылдануымен ерекшеленді. Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар, ең алдымен, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы өңірлер арасындағы теңсіздікті төмендетуге, сондай-ақ кәсіпкерлікті, әсіресе микро және шағын бизнесті дамытудағы теңгерімсіздіктерді азайтуға бағытталған. Фискалдық саясат 2026 жылдан бастап бюджеттің кіріс бөлігін шамамен қосымша 4 трлн теңгеге ұлғайтуды көздейді. Бұл қосымша қаржы ресурстары Президент пен Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте, қазақстандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталады. Салық базасын кеңейту қағидаты - бизнес субъектілерінің кірісін арттыруымен бірге жаңа фискалдық саясаттың айқындаушы элементтерінің бірі. Үкімет сыртқы факторлар (логистика, күрделі халықаралық жағдай және валюталық ауытқулар сияқты), сондай-ақ ішкі факторлар (салықтық және тарифтік реформалар) ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке қосымша жүктеме түсіретінін толық түсінеді. Осыған байланысты, биылғы 5 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Үкіметке жаңа Салық кодексінің жекелеген нормалары бойынша бизнес өкілдерінің өтініштерін талдауды, орынды теңгерім табуды жүктеді. Мемлекет басшысы бұл жұмысты мемлекеттік ауқымдағы міндет ретінде атап өтті. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды", - деді Серік Жұманғарин.
Іскер аймақ" шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына бойынша әзірленген. Оған "Аманат" партиясымен және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысқан. Бағдарлама шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда ауқымды дамытуға бағытталған және жедел әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін технологиялық жағынан қарапайым, тез жүзеге асырылатын жобаларды қамтиды. Құжаттың басымдығы қосылған құнның жергілікті тізбегін, орнықты өндірістік базаны және ұзақ мерзімді экономикалық әсерді қалыптастыратындығында. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайханалар, сүт және ет жартылай фабрикаттары, тамақ өндіру, ағаш өңдеу, жиһаз цехтары және құрылыс материалдарын өндіру, қолөнер сияқты өзге де кәсіп түрлері таңдалып алынады.
Бағдарлама өзара байланысты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: бірінші - қаржылық шаралар. Қарыз қаржыландырудың құнын төмендетуге және шағын бизнестің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру. Екінші - қаржылық емес шаралар. Салалық онлайн-оқыту, кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыруға бағытталған сервистік және консультациялық қолдау. Үшінші - инфраструктуралық шаралар. Өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету, үй-жайлар мен жер учаскелерін жеңілдікпен жалға беру. Қазіргі уақытта ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, оның ішінде жергілікті ресурстарға бағдарлана отырып, қайта өңдеуді, қолөнерді және шағын өндірістерді дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты", "Бір ауыл - бір өнім" сияқты бағдарламалар жүзеге асырылуда", - деді ол.
- 23 мыңға жуық жобаны қолдауға;
- 1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге;
- шамамен 127 млрд теңгеге бюджеттік қолдауға мүмкіндік береді.
- салық түсімдері - 157 млрд теңге;
- өнім шығару - шамамен 1,4 трлн теңге;
- шамамен 7 мың жаңа жұмыс орнын құру және шамамен 136 мың жұмыс орнын сақтап қалу.
Бағдарламаны әкімшілендіру egov.business және Damu Online порталдары арқылы өтінімдер беруді, кәсіпкердің жеке кабинеті арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асыруды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жоба бойынша жұмыстардың орындалу барысына мониторинг жүргізуді қоса алғанда, цифрлық шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Біз шалғай ауылдардың барлығында Интернет бола бермейтінін түсінеміз. Осыған байланысты консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің көшпелі форматы енгізілмек. Осы мақсатта консультациялық қызметтер көрсету, өтінімдерді қабылдау және жергілікті жерлерде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру үшін қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақтандырылған мамандандырылған мобильді офистерді (автобустарды) сатып алу жоспарлануда. Жалпы, Бағдарлама өңірлерде тұрақты кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған және экономикалық даму мен бюджеттік орнықтылық арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Бағдарламаны қолдауды және мәселені Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруды сұраймын", - деді вице-премьер.
Жалпы, "Іскер аймақ" бағдарламасы микро шағын бизнесті қолдауға бағытталған. Орта бизнесті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ банктердің еркін өтімділігін экономикаға тарту мақсатында осы жылдың сәуір айынан бастап "Өрлеу" жеңілдікті қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды. "Өрлеу" бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру қоса қаржыландыру шарттарымен, банктердің және "Даму" қорының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте банктер белгілейтін маржа 2 пайыздық тармақтан аспайды, ал түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 12,6%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы - инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыру 3,5 млрд теңгеге дейін. Бағдарламаның мақсаты - өндірісті кеңейту, жұмыспен қамтуды арттыру, технологиялық жаңарту және экономиканы әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қаржыландыру негізінен: өңдеу өнеркәсібі, агроөңдеу, логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа басым салаларға бағытталған. "Өрлеу" бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 505 млрд теңгеге жуық кредит сомасына 1800-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. Келесі жылы Бағдарламаны кеңейту мәселесі қаралады, алайда бүгінгі күні "Өрлеуге" қатысушылардың лизинг бойынша бағдарламаны пайдалану мүмкіндігі бар", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сөзімді қорытындылай келе, ағымдағы жылы үздік тәжірибелерге сәйкес келетін бірқатар жүйелі реформалар жүзеге асқанын атап өткім келеді. Бизнесті қолдау бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді, оның ішінде инклюзивті және креативті, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті, жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Халықты кәсіпкерлік бастамаларға ынталандыру бойынша жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің "Даму" қоры базасында Бірыңғай фронт-офис құрылды. Аталған фронт-офисте кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге алғашқы консультациялар көрсету, құжаттар топтамасын дайындауға жәрдемдесу, сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымдарының өнімдері мен қызметтері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысының ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасын бекітті
Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы - орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы. Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бәйтерек" холдингіне "Атамекен" палатасымен бірлесіп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту мен оларға сервистік қолдау көрсетуді ұйымдастыруды тапсырамын.
Іскер аймақ" бағдарламасын кәсіпкерлердің, әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы бизнес-өкілдерінің сұраныстарына дер кезінде берілген жауап ретінде бағалауға болатыны атап өтілді. Осылайша, мемлекет жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеді. Негізгі мақсат - тек несие беру емес, тұрақты өндірістер құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету.
Іскер аймақ" бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Петромидия" мұнай өңдеу зауытының негізгі операциялық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді
- авиациялық отын - 528 мың тонна (өсім 48%);
- бензин - 1,51 млн тонна (өсім 35,4%);
- дизель отыны - 2,28 млн тонна (өсім 24%).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ШҚО-да 1075 басқа арналған жаңа сүт-тауарлы ферма ашылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 21:24Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 22.12.2025, 18:58 65021Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 18:40 64156Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі23.12.2025, 20:50 56896Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 19:29 55201Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
15.12.2025, 23:30 225171Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222161Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті17.12.2025, 17:47 214741Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 214176Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 22:01 213151Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

