23.12.2025, 19:29 826

Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногорияның Әділет министрі Боян Бозовичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ экстрадиция және өзара құқықтық көмек салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің уәкілетті органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытып, тиісті екіжақты келісімдер жобаларын қарастыруға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны