12.03.2021, 19:49 10578

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады

Механизм тұтынушыға жеткізуге дайындалған айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының мөлшері туралы деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін болады.
Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, "ҰАТ" АҚ базасында ағымдағы жылы мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін (МЕАЖ) толыққанды режимде іске қосады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Механизм тұтынушыға жеткізуге дайындалған айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының мөлшері туралы деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін болады", - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Мұнай мен газ конденсатын есепке алу жүйесі мұнай өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын болады. Өндіру, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстаннан әкелу және әкету көлемдері туралы барлық деректер ақпараттық жүйеге берілетін болады. Компаниялар сондай-ақ орнатылған есептеу құралдарын ішкі бақылау ретінде немесе басқа мақсаттар үшін пайдалана алады.
 
Баспасөз қызметі атап өткендей, уәкілетті орган жедел деректер негізінде мемлекеттік деңгейде шұғыл шешім қабылдайтын, газ конденсаты мұнайының айналымын болжайтын, материалдық теңгерімді автоматты түрде есептей алатын және есепке алу аспаптарынан алынған деректер негізінде есептер қалыптастыра алатын болады.
 

Бұл ретте, нақты ақпарат алу үшін барлық деректер әр ұйымнан жеке қабылданады, ал есептер кәсіпорынның қызметіне байланысты қалыптасады. Мысалы, мұнай тасымалдау ұйымдары өндіруші ұйымдардан мұнайды қабылдау, мұнай өңдеу ұйымдарына және экспортқа тапсыру бойынша есептерді береді", - деп нақтылады Энергетика министрлігінде.

 
Бүгінгі таңда жүйе пилоттық режимде іске қосылған және оған 3 мұнай тасымалдаушы ұйымы қосылды: "ҚазТрансОйл", "МұнайТас" және "Қазақстан-Қытай Құбыры". "Каспий құбыр консорциумы" қосылу сатысында тұр. Ағымдағы жылы жүйеге Қазақстанның мұнай өндірісінің жалпы көлемінің 60%-ын қамтамасыз ететін бірқатар ұйымдарды қосу жоспарлануда. 2021-2022 жылдары МЕАЖ-ға барлығы 3 мұнай өңдеу зауыты, 16 шағын МӨЗ, 4 мұнай тасымалдау ұйымы және 100 жер қойнауын пайдаланушы деректер жіберетін болады.
 
Бұған дейін Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттыратыны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны