30.11.2022, 13:58 24806

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шектерін жариялады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шектерін жариялады
2023 жылға белгіленген ТЖШ жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды
 
Астана. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - БЖЗҚ жаңа жыл басталғанға дейін бір ай бұрын 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қор сайтында жариялады, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
 
Атап кету керек, 2023 жылға белгіленген ТЖШ жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.
 

Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі", - деп атап өтті қорда.

 
2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді.
 
Бекітілген Әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек шамалары әр жас мөлшері үшін жеке анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.
 
Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі базалық зейнетақымен қоса ең төменгі зейнетақыдан кем емес жиынтық төлемдер алуы үшін шотында қалуға тиісті ең төменгі сома.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны