15.05.2020, 21:51 6416

Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді

2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді.

2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді.

Атап айтқанда, "Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-РФ шекарасы", "Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Бел-Ағаш-Дмитриевка", "Шемонаиха-Усть-Таловка", "Большенарым-Күршім", "Солдатово елді мекеніне кіру жолы", "Большенарым-Күршім", "Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра", "Карағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата", "Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар", "Таврическое-Каменка-Завидное", "Өскемен-Тарғын-Самарское", "Шемонаиха-Большая Речка", "Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы" жолдары жаңартылады. Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенге кіру жолы жөнделеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдары саласында: "Талдықорған-Өскемен", "Қалбатау-Майқашағай" жолдары және "Осинов асуы" сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы - 8584 шақырым. Олардың 81% - жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны