19.11.2021, 20:15 140251

Қазақстанда жаңа әуе рейсі ашылды

Бүгін "Qatar Airways" әуе компаниясының Алматы - Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті.
Қазақстанда жаңа әуе рейсі ашылды
Сурет: ҚР ИИДМ
АЛМАТЫ. 19 ҚАРАША - Бүгін "Qatar Airways" әуе компаниясының Алматы - Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы "Qatar Airways" әуе компаниясының 140-тан астам бағыттар желісін пайдалана алады", - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген.
 
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру және жаңаларын ашу жұмыстарын жүргізуде.
 
Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымы "Qatar Airways" әуе компаниясын "Жыл әуе компаниясы" деп жариялағанын айта кету керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны