06.04.2022, 18:09 23351

Қазақстан украиналық фармацевтикалық өндірушілермен келісімшартты біржақты тәртіппен бұзады

Жыл басында Украинадан келген жеткізушілер бізге осы көлемнің 40%-дан 70%-на дейін дәрі-дәрмек берді.
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Қазақстанға Украинадан дәрі-дәрмек жеткізілмейтін болды.
 
Мәжілісте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Украинадан дәрі-дәрмек жеткізудің қиындығы туралы сөз қозғады. Енді Денсаулық сақтау министрлігі бұрын жасалған шарттарды біржақты тәртіппен бұзып, қалған көлемдерге қосымша конкурстар өткізеді.
 
Мәселені ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зарина Камасова көтерді. Ол денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отырғанын сұрады.
 

Геосаяси жағдай өте күрделі, бірақ дәрі-дәрмектердің 94%-ы сатып алынды. Бүгінгі күні дәрілік препараттардың барлық көлемінің 50%-ы "СК-Фармация" қоймалары мен хабтарына жеткізілді, маусым айының соңына дейін пациенттерді емдеуге арналған дәрілік препараттар жеткілікті. Украина жайлы айтатын болсақ, дәрілік препараттардың 1,6%-ы Украинадан жеткізілген. Жыл басында Украинадан келген жеткізушілер бізге осы көлемнің 40%-дан 70%-на дейін дәрі-дәрмек берді. Бүгінгі таңда зауыттар жабылды, біз қазір біржақты тәртіпте келісімшарттарды бұзып, қалған көлемде конкурстар өткіземіз", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

 
Сондай-ақ, ДСМ басшысы ведомство қазір дәрілік препараттардың шекті бағаларын индекстеуді қайта қарап жатқанын хабарлады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны