27.05.2022, 17:29 15271

Биыл күздік бидайдан мол өнім алынады деп күтілуде

Ағымдағы жылы күздік бидайдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасты.
Биыл күздік бидайдан мол өнім алынады деп күтілуде
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Алдын ала болжамға сәйкес, ағымдағы жылы күздік бидайдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Есептік деректерге сәйкес, Қазақстанның оңтүстік облыстарының басым бөлігінде, күздік бидайдың өнімділігі көпжылдық мәнге жуық болады деп болжануда. 
 

Алматы облысы бойынша орташа өнімділік 19 ц/га, Түркістан облысында 17,5 ц/га, Жамбыл облысында 15,7 ц/га құрайды", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 
Айта кетсек, Түркістан облысы бойынша болжам алғаш рет әзірленуде. Биыл Қазгидрометте жаңа болжам әдістемесі бейімделуде.
 
Оңтүстік облыстар аудандары бойынша түсімділік болжамы "АgroData" — фермерлерге арналған қосымшада қолжетімді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны